каз.  рус.
Астана қ. ▼ ауа райы
+8...+10 °C
облачно, дождь
GMT+6
18:25
Сайт бойынша iздестiру
 

Еншілес кәсіпорындар

Компания «Вокзал-сервис», «Қала маңындағы тасымал», «Лизингтік жолаушылар вагон компаниясы», «Вагонсервис» акционерлік қоғамдарының бірден-бір акционері және «Жолаушылар тасымалын басқарудың жедел-технологиялық орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бірден бір құрылтайшысы, сондай-ақ «Алматы вагон жөндеу зауыты» акционерлік қоғамының 47 пайыз акциясының иеленушісі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 ақпандағы №145 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының темір жол көлігін қайта құрылымдау бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде 2004 жылы шығындар мен республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінетін қаржылай көмектің ашықтығын қамтамасыз ету сияқты негізгі мәселемен қатар қызмет көрсету ісін де қамтамасыз ететін қайта құрылымдау болып өтті. Жолаушылар тасымалын қайта құрылымдау барысында «Жолаушылар тасымалы» ашық акционерлік қоғамының 100 пайыз қатысуымен «Алматы вагон жөндеу зауыты», «Вокзал-сервис», «Қала маңындағы тасымал», «Жүк тасымалы», «Лизингтік жолаушылар вагон компаниясы», «Вагонсервис» және «Жолсерік-Алматы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (2005 жылы «Жолаушылартранс» компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып қайта аталды, қазір таратылды), «Жолаушылар тасымалын басқарудың жедел-технологиялық орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құру бойынша жұмыстар атқарылды.

Тәуелді еншілес кәсіпорындар қызметінің негізгі түрлері болып мыналар табылады:

Бұдан басқа 47 және 53 пайыз акциялары «Жолаушылар тасымалы» АҚ мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ тиесілі «Алматы вагон жөндеу зауыты» АҚ құрылды. Ол жолаушылар вагондарына күрделі және деполық жөндеу жүргізу жұмыстарымен айналысады.

Жоғарыда аталған кәсіпорындар шарт негізінде жолаушылар тасымалын қамтамасыз ету бойынша бір-біріне тиісті қызметтер көрсетеді.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ
© 2010 Барлық құқықтары қорғалған
Астана қ., Қонаев к-сі, 6 «Б» блогі
байланыс орталығы
Санақ:
671 тәулiк iшiндегілер
43486 айға
877399 жинағы