Время в г. Астана 07:21
Прогноз в г.
Поезд «Алматы-Мангышлак» связал ж/д сообщением более 20 станций Актюбинской и Мангыстауской областей
Миллионному пассажиру 2016 года вручен сертификат на бесплатный проезд в поездах «Тұлпар-Тальго»
АО «НК КТЖ» внедряет новые стандарты обслуживания пассажиров
Казахстанцы вдвое чаще стали ездить на поездах «Тұлпар-Тальго»
Запущен поезд «Жезказган-Саксаульск-Кызылорда»
«Бригадирский конверт» - экспресс доставка корреспонденции
Ветеранам ВОВ, войнам-интернационалистам и ликвидаторам Чернобыльской АЭС предоставлются бессрочные скидки
В Казахстане вырос объем пассажирских перевозок
Состоялась презентация новых вагонов "Тұлпар-Тальго" с широким кузовом
Ожидается поставка 149 вагонов «Тұлпар-Тальго» новой модификации с широким кузовом

Мемлекет басшысының Жолдауы

Казахстанское
общество
поддерживает
Послание Главы
государства.

Басқарма төрағасының блогы

АО «Пассажирские перевозки» Қилыбай Нұрдәулет Игілікұлы

Билеттерді онлайн сатып алу

Компания қызметі

Жүк тасымалы

«Ұлттық темір жол компаниясы мен ұлттық тасымалдаушылардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 25 желтоқсандағы №1389 қаулысына сәйкес «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) Ұлттық тасымалдаушы болып табылады және ол мына қызметтер бойынша 2011 жылғы 28 желтоқсандағы №775-ОД бұйрықпен бекітілген монополиялық немесе үстемдік жағдайға ие нарық субъектілерінің тізіліміне енгізілген, олар:

  1. Жолаушыларды халықаралық қатынаста темір жол көлігімен тасымалдау жөніндегі қызметі.
  2. Жолаушыларды облысаралық қатынаста темір жол көлігімен тасымалдау жөніндегі қызметі.
  3. Темір жол көлігімен багажды және жүкбагажды тасымалдау қызметі.
  4. Темір жол көлігімен пошта жөнелтілімдерін тасымалдау қызметі.

Қазақстан Республикасының «Темір жол көлігі туралы» Заңына сәйкес (бұдан әрі - Заң) Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларды, багажды, жүкбагажды, пошта жөнелтілімдерін және (немесе) жүктерді, соның ішінде арнайы және әскери жүктерді тасымалдау қызметін көрсетеді және оларға жауапты болады.

Заңның 68-бабына сәйкес тасымалдаушы жолаушыдан немесе жөнелтушiден багажды, жүкбагажды қабылдап алуға және осы операциялар жүргізілетін кез келген темiр жол станциясына дейiн жөнелтуге мiндеттi.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі №799 қаулысымен бекітілген Жолаушыларды, багажды және жүкбагажды темір жол көлігімен тасымалдау ережесінің (бұдан әрі - Ереже) 110-тармағында Жолаушыны тасымалдаушы багажды қабылдап алып, оны осы операциялар жүргізілетін кез келген темiр жол станциясына дейiн жөнелтуі көзделген.

Қоғам жоғарыда көрсетілген заңнама талаптарын басшылыққа ала отырып, Достастыққа қатысушы мемлекеттердің темір жол көлігі жөніндегі кеңесі бекіткен №4 Тарифтік басшылыққа сәйкес багажды алуды/беруді жүзеге асырады және багажды/жүкбагажды қабылдау және беру операциялары жүргізілетін кез келген темiр жол станциясына дейiн жөнелтеді, жеткізеді.

Жолаушылар, багажды және жүкбагажды тасымалдауға арналған тарифтерді мемлекеттік уәкілетті орган (Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігі) реттеп отырады. Қазіргі таңда Қоғамның негізгі қызметін жүзеге асыруға байланысты шығындарының орны толмайды. Осыған байланысты Қоғам негізгі қызметін жүзеге асыруға жұмсаған шығындарды жабуы үшін жыл сайын республикалық бюджеттен субсидия алады.

Өз міндеттерін жүзеге асыру үшін Қоғамның тиісті инфрақұрылымдары: багаж бөлімшесі, багаж пункттері, қоймалары, багаж кассалары, трактор–арба техникасы, «Экспресс» АБЖ бағдарламалық жасақтамасы, багаж вагондары паркі және білікті персоналдары (багаж кассирлері, қабылдап-тапсырушылар, жүк тиеушілер) бар.

Қазіргі уақытта Қоғам багаж, жүкбагажды 13 маршрут бойынша тасымалдайды, оның ішінде 1 халықаралық қатынастағы маршрут, 12 республикаішілік қатынастағы маршрут.

Қоғамның багаж вагондары паркі 28 вагоннан тұрады. Қоғамның багаж вагондары маршруттарының географиясы вагондарды тиімді пайдалану арқылы халықтың багаж, жүкбагажды тасымалдау бойынша сапалы қызметке деген сұранысын қанағаттандыруға бағытталған.

2015 жылы «Жолаушылар тасымалы» АҚ багаж вагондарының қатынауы
Р/с № Пойыз №МаршруттарПериодичностьФилиал
Халықаралық қатынас
17/8Алматы-Мәскеуөтінім бойыншаЛВРЮ
Республикаішілік қатынастар
215/16Алматы-Петропавловск4 күнде 1 ретЛВРЮ
3377/378Маңғышлақ-Алматыкүн сайынЛВРЮ
441/42Атырау-Алматы4 күнде 1 ретЛВРЗ
5313/314Атырау-Маңғышлақ4 күнде 1 ретЛВРЗ
624/23Ақтөбе-Алматыайына 15 ретЛВРЗ
734/33Ақтөбе-Алматыайына 15 ретЛВРЗ
834/33/692/691Ақтөбе-Алматы-Ақтөбе-Атырау-Ақтөбеайына 15 ретЛВРЗ
958/57/310/309Ақтөбе-Астана-Ақтөбе-Маңғышлақ-Ақтөбеайына 3 ретЛВРЗ
10309/310Маңғышлақ-Ақтөбеөтінім бойыншаЛВРЗ
11613/614Ақтөбе-Уральскөтінім бойыншаЛВРЗ
12692/691Ақтөбе-Атырауайына 14 ретЛВРЗ
1331/32Павлодар-Алматы7 күнде 1 ретЛВРС
14673/674Павлодар-Карағанды (Астана ст. дейін)7 күнде 1 ретЛВРС
1543/44Қостанай-Алматы4 күнде 1 ретЛВРС

Багаж тасымалдауды ұйымдастыру кезінде клиентермен Қоғамның аймақтық филиалдары тікелей жұмыс жүргізеді. Олардың қарамағында багаж, жүкбагажды қабылдауды және беруді жүзеге асыратын 39 багаж станциясы, оның ішінде 17 багаж бөлімшесі мен 22 багаж пункті бар.

Багаж бөлімшелері мен пункттер тізбесі
№ р/сОрналасқан жеріБагаж бөлімшесі (БПО) / пункті (БПП) атауыТелефон (жұм.)
1Астана қаласыБПО Астана стансасы(8-717-2) 93-38-48, 93-34-05, 93-32-63
2Қарағанды қаласыБПО Қарағанды стансасы8 (721-2) 60-40-48
3Павлодар қаласыБПО Қарағанды стансасы8 (718-2) 37-28-76
4Екібастұз қаласыБПП Екібастұз стансасы8 (718-7) 22-63-98
5Қостанай қаласыБПО Қостанай стансасы8 (714-2) 90-09-97
6Тобыл қаласыБПП Тобыл стансасы(8-714-36) 40-5-35
7Железорудный қаласыБПП Железорудный стансасы(8-714-31) 31-3-06
8Көкшетау қаласыБПП Көкшетау стансасы(8-716-2) 29-34-57
9Алматы қаласыБПО Алматы- 1 стансасы (87272) 96-35-39, 96-31-75
10Алматы қаласыБПО Алматы- 2 стансасы (87272) 96-13-48, 296-18-64
11Шымкент қаласыБПО Шымкент стансасы(8-7252) 95-36-59
12Түркістан қаласыБПО Түркестан стансасы(8-725-33) 5-22-28
13Арыс қаласыБПО Арыс стансасы(8-725-40) 5-21-09
14Тараз қаласыБПО Джамбул стансасы(8-7262) 96-02-76
15Шу қаласыБПО Шу стансасы(8-726-43) 6-31-34
16Луговой пос.БПП Луговой стансасы(8-726-31) 36-0-31
17Отар пос.БПП Отар стансасыжоқ (87272) 96-13-32 (БПО Алматы-2 стансасы
18Семей қаласыБПО Семей стансасы(8-7222) 38-11-84, 38-00-27
19Үш-төбе қаласыБПП Үштөбе стансасы(8-728-34) 33-20
20Аягөз қаласыБПП Аягөз стансасы(8-722-37) 5-23-14
21Ақтөбе қаласыБПО Ақтөбе стансасы(8-713-2) 97-50-41, 97-56-62
22Қандыағаш қаласыБПП Қандыағаш стансасы(8-71333) 7-01-56
23Шалқар қаласыБПП Шалқар стансасыжоқ (8-7132) 97-56-62 (БПО Ақтөбе)
24Орал қаласыБПП Орал стансасы(8-7112) 97-06-51
25Ақсай қаласыБПП Қазақстан стансасыжоқ (8-7112) 97-06-51 (БПП Орал)
26Атырау қаласыБПО Атырау стансасы(8-7122) 95-54-53
27Мақат пос.БПП Мақат стансасы(8-71239) 6-12-75
28Кульсары пос.БПП Құлсары стансасы(8-71237) 6-13-23
29МаңғышлақБПО Маңғышлақ стансасы(8-7292) 46-22-95
30Шетпе пос.БПП Шетпе стансасыжоқ (8-7292) 46-22-95 (Маңғышлақ баг.касса)
31Жаңаөзен қаласыБПП Өзен стансасыжоқ (8-7292) 46-22-95 (Маңғышлақ стансасы баг.касса)
32Бейнеу қаласыБПО Бейнеу стансасы(8-72932) 6-12-19
33Қызылорда қаласыБПО Қызылорда стансасы(8-7242) 29-24-69, 29-27-40
34Байқоңыр қаласыБПП Төретамжоқ (8-7242) 29-24-69, 29-27-40 (Қызылорда стансасы баг.касса)
35Шиелі қ.т.п.БПП Шиеліжоқ (8-7242) 29-24-69, 29-27-40 (Қызылорда стансасы баг.касса)
36Айтеке би пос.БПП Қазалы стансасы(8-72438) 4-24-69
37Арал қаласыБПП Арал теңізі стансасыжоқ (8-7242) 29-24-69, 29-27-40 (Кызылорда стансасы баг.касса)
38Сексеуілді пос.БПП Сексеулді стансасыжоқ (8-7242) 29-24-69, 29-27-40 (Кызылорда стансасы баг.касса)
39Щучинск қаласыБурабай курорты БПП(8-716-36) 6-44-02

Тізімде көрсетілген (төменде келтірілген), Қоғам құрастырған халықаралық және республикаішілік қатынастағы жолаушылыр пойыздарымен багажды және жүкбагажды тасымалдау багаж вагондарымен жүзеге асырылады, мынадай тарифтік мөлшерлемелер бойынша:

  • халықаралық қатынаста 1 вагон/км үшін 0,85 швейцария франкісі;
  • республикаішілік қатынастағы жүрдек пойыздарда - 99,12 теңге (ҚҚС-мен); жолаушылар пойыздарында - 84,56 теңге (ҚҚС-мен).

Қазіргі уақытта Қоғам құрастырған пойыздармен республикашілік қатынастағы багаж вагондарымен багаж, жүкбагажды Қазақстан Республикасы аумағында тасымалдау тарифіне Қоғам тарапынан 26% мөлшерінде жеңілдік белгіленді.

Багаж/жүкбагажды тасымаладау кезінде жолаушылар мен жүк жөнелтушілерге көрсетілетін қызмет тарифтері туралы ақпарат төменде келтірілген кестеде берілген:

Р/н№Көрсетілетін қызмет атауларыКөрсетілетін барлық қызметтердің құны (теңге, ҚҚС қосқанда)
1Қабылдап алушығабагаждың және жүкбагаждың келгені туралы телефон арқылы хабарлау*45
2Қабылдап алушыға багаждың және жүкбагаждың келгені туралы пошта арқылы хабарлау*220
3Багажға және жүкбагажғаілінген затбелгілерді толтыру25
4Багажды және жүкбагажды жөнелтуге арналған өтінім бланкісі10
5Бір орынға шақталған багаждың және жүкбагаждың салмағын тексеру**70
6Багажды және жүкбагажды автокөлікке/авто көліктен, багаж бөлімі қоймасынан/қоймасына тиеу/түсіру кезінде әр 50 кг үшін (жүк қабылдаушы/жүк жөнелтуші қалауы бойынша )***50
7Келген багажды ақысыз сақтау уақытын есептемегенде, тәулігіне бір орынүшін:
  • төленетін алғашқы үш тәулікке;
  • кейінгі үш тәулікке;
  • кейінгі тәуліктерге.
  • 0
  • 90
  • 120
8Келген жүкбагажды ақысыз сақтау уақытын есептемегенде, тәулігіне бір орын үшін:
  • төленетін алғашқы үш тәулікке;
  • кейінгі үш тәулікке;
  • кейінгі тәуліктерге.
  • 0
  • 210
  • 270
9Алдын ала қабылдап алынғанжөнелтілетінжүкбагажды сақтау, тәулігіне бір орын****:
  • алғашқы жеті тәулікке;
  • жүкбагажды қабылдап алған күннен бастап жеті тәулік өткеннен соң жүк жөнелтуші тасымалдан бас тартқан жағдайда, әр тәулікке;
  • жүкбагажды алдын ала қабылдап алған күннен бастап.
  • 0
  • 210
  • 270
* - хабарлағаны үшін төлем мына жағдайда алынбайды: егер қабылдап алушы жүкбагажының келгені туралыөздігінен білген болса, сондай-ақ тасымалдаушының кінәсінен кешіктірілген немесе белгіленген мерзімде келмеген болса;
** - келген багаждың/жүкбагаждың салмағын тасымалдаушының бастамасы бойыншатексерген кезде ақы алынбайды;
*** - толық емес 50 кг үшін ақы толық 50 кг сияқтыалынады;
**** - егер жүкбагажтасымалдаушының кінәсінен жүк жөнелтушібелгілеген күні жөнелтілмесе, жүк жөнелтушіден жүкбагаждыалдын ала қабылданған күннен бастап сақтау ақысы алынбайды.
Нормативтік-құқықтық база

«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңынан

  • Багажды және жүкбагажды тасымалдау 68 баппен реттеледі.
  • Багажды және жүкбагаждыжеткізу мерзімі 68 баппен реттеледі.
  • 70-бапқа сәйкес жүк сақтауға берілген мерзімнің аяқталуынан болатын салдар көрсетілген.
  • Тасымалдау бойыншаміндеттерін бұзғаны үшін жауапкершілік жүктеу 73-76 бап.10 т. реттеледі.

Темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүкбагажды тасымалдау ережесінен

  • Багажды тасымалдау §1.110-119 бабымен реттеледі.
  • Багажды тасымалдау тәртібі §2120-122 бабына сәйкес ресімделеді.
  • Багаждың баға құндылығын хабарлау тәртібі §3123-127 бабына сәйкес реттеледі.