Время в г. Астана 06:23
Прогноз в г.
Новые услуги накануне "ЭКСПО-2017"
Национальный перевозчик трудоустроит студентов на летний период
Между Алматы и Ташкентом курсирует новый поезд "Тұлпар-Тальго"
Более 900 проводников прошли языковую подготовку
Поезд «Алматы-Мангышлак» связал ж/д сообщением более 20 станций Актюбинской и Мангыстауской областей
АО «НК КТЖ» внедряет новые стандарты обслуживания пассажиров
Казахстанцы вдвое чаще стали ездить на поездах «Тұлпар-Тальго»
Ветеранам ВОВ, войнам-интернационалистам и ликвидаторам Чернобыльской АЭС предоставлются бессрочные скидки
В Казахстане вырос объем пассажирских перевозок
Состоялась презентация новых вагонов "Тұлпар-Тальго" с широким кузовом

Мемлекет басшысының Жолдауы

Казахстанское
общество
поддерживает
Послание Главы
государства.

Басқарма төрағасының блогы

АО «Пассажирские перевозки» Қилыбай Нұрдәулет Игілікұлы

Билеттерді онлайн сатып алу

Компания қызметі

Сервисное обслуживание
Сервисное обслуживание

Сервис в пассажирских поездах


Жолаушылар пойыздарында жолаушыларға шұғыл түрде көрсетілетін медициналық көмектен басқа да сервистік қызметтер тізімі/b>

Алысқа қатынайтын және жергілікті пойыздардың жолаушылар вагондары қайнаған әрі салқындатылған сумен, алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмек қобдишасымен жабдықталуы тиіс.

Жолаушылар пойызында вагондардың от жағатын (қазандық) жағындағы тамбурларынан басқа тамбурларында темекі шегуге рұқсат етіледі. Жатын орындары бар халықаралық және облысаралық қатынастағы пойыздарда жолаушылар төсек-орын жабдығымен қамтамасыз етіледі.

Жолаушы жол жүру барысында өзін нашар сезініп, әрі қарай жол жүруге мүмкіндігі болмаған жағдайда (ауырып қалған жағдайда), оған алғашқы медициналық көмек көрсету үшін ол арнайы емдеу-медициналық мекемесі (пункт) бар жақын стансадан түсіріледі. Бұл жағдайда жолаушының құжаттарын ресімдеу және ақшасын қайтару Қазақстан Республикасы темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүкбагажды тасымалдау ережесіне сәйкес жүргізіледі.

Қоғам тарапынан жолаушыларға сервистік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында мынадай бірқатар жұмыстар атқарылды:

  • «Астана-Алматы» қатынасындағы №10/09 «Бәйтерек»;
  • «Атырау-Астана» қатынасындағы №47/48 «Каспий»;
  • «Маңғышлақ-Астана» қатынасындағы №37/38 «Маңғыстау»;
  • «Алматы-Шымкент» қатынасындағы №11/12«Отырар» жолаушылар пойыздарына «фирмалық» санат берілді.

Аталған пойыздар жол жүру жайлылығы мен қауіпсіздігіне қойылатын жоғары талаптарға сай Крюков және Тверь вагон құрастыру зауыттарында жасалған вагондардан құрастырылған.

Фирмалық пойыздар жолаушыларға қосымша сервистік қызмет көрсету ерекшелігімен ерекшеленеді, оның ішінде:

  • купе вагондарында гигиеналық заттар жиынтығын беру;
  • шай әбзелдерін беру;
  • балалар жиынтығын беру (7 жасқа дейінгі балалар үшін);
  • үстел ойындарын (шахмат, шашки, нарды) беру;
  • киім және аяқ киім щеткасын беру;
  • киімдерді шұғыл жөндеуге арналған құралдар;
  • шағын кітапхана қызметін ұсыну;
  • жаңа басылымдар ұсыну;
  • тоңазытқыштар мен қысқа толқынды пеш қызметі;
  • диспенсер ауыз суы;
  • вагон-мейрамханадан тамақтану және вагон-мейрамханадан жолаушылардың купесіне тамақ жеткізіп беру;
  • дәрі-дәрмек қобдишасын пайдалану және алғашқы медициналық көмек көрсету;
  • трансляциялауға рұқсат етілген аудио және видео хабарларды тарату қызметтері ұсынылады.

Купе вагондарында уақытты, ауа температурасын, дәретхананың бос еместігін көрсететін ақпарат таблосы орнатылған. Купедегі жатын орындар электронды дауыс реттегіштері бар аудио-панельдермен жабдықталған.

Плацкарт вагондар ауа баптау жүйесімен, биодәретханамен және жұмсақ сөрелермен жабдықталған. Жоғарғы орындар жолаушылардың құлап кетпеуі үшін арнайы құралмен жабдықталған.

Фирмалық пойыздың тағы бір ерекшелігі - штаб вагонында мүгедектерге арналған арба және мүмкіндігі шектеулі жандар мен оны алып жүретін жолаушыларға арналған купелер бар. Жылжымалы құрам мүгедекті арбасымен бірге көтеріп, түсіруге арналған құрылғымен жабдықталған.   Мүмкіндігі шектеулі жолаушылардың купесінде кресло-арбасын қоюға арналған орын бар және онда ақпарат таблосы орнатылған.

Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларды тасымалдау үшін мына бағыттар бойынша қатынайтын 22 пойызда тиісті жағдай жасалған, олар:/p>

  • «Алматы – Астана» қатынасындағы №1/2 «Тұлпар» пойызы;
  • «Астана - Алматы» қатынасындағы №10/09 «Бәйтерек» пойызы;
  • «Алматы - Шымкент» » қатынасындағы №11/12 «Отырар» пойызы;
  • «Астана-Атырау» қатынасындағы №19/20 «Атырау» пойызы;
  • «Маңғышлақ-Астана» қатынасындағы №37/38 «Маңғыстау» пойызы;
  • «Қостанай - Алматы» қатынасындағы №43/44 пойызы;
  • «Павлодар – Алматы» қатынасындағы №45/46 пойызы;
  • «Атырау-Астана» қатынасындағы №47/48 «Каспий» пойызы;
  • «Қарағанды - Алматы» қатынасындағы 52/51 пойызы;
  • «Астана- Орал» қатынасындағы №57/58 пойызы;
  • «Астана – Семей» қатынасындағы №63/64 пойызы;
  • «Алматы - Атырау» қатынасындағы №77/78 «Сарайшық» пойызы;
  • «Астана - Ақтөбе» қатынасы бойынша №87/88 «Ақтөбе» пойызы;
  • «Павлодар - Қарағанды» қатынасындағы № 673/674 пойызы;
  • «Алматы - Петропавл» қатынасындағы №151/152 «Жетісу» пойызы;
  • «Алматы - Жезқазған» қатынасындағы № 373/374 пойызы.

2013-2014 жылдары бірқатар пойыздардың жайлылығын арттыру бойынша мынадай жұмыстар жүргізілді, олар:

  • «Астана - Киев» қатынасындағы №107/108 «Астаналық» пойызы;
  • «Астана - Сарыағаш» қатынасындағы №86/85 «Сарыағаш» пойызы;
  • «Алматы - Новосибирск» қатынасындағы №303/304 пойыз;
  • «Алматы - Екатеринбург» қатынасындағы №303/304 пойыз.

2014 жылғы мамыр айының соңында «Қарағанды - Мәскеу» қатынасындағы №83/84 жолаушылар пойызының жайлылығын арттыру жоспарланып отыр.

Барлық сұрақтар бойынша «Жолаушылыр тасымалы» акционерлік қоғамының аймақтық филиалдарына мына телефондар бойынша хабарласуға болады:

  • «Солтүстік» филиалы +7 (717-2) - 94-27-28;
  • «Оңтүстік» филиалы +7 (717-2) - 96-10-77;
  • «Батыс» филиалы +7 (713-2) - 97-50-72;
  • «Экспресс» филиалы +7 (717-2) - 96-13-58.