Время в г. Астана 21:00
Прогноз в г.
Поезд «Алматы-Мангышлак» связал ж/д сообщением более 20 станций Актюбинской и Мангыстауской областей
Миллионному пассажиру 2016 года вручен сертификат на бесплатный проезд в поездах «Тұлпар-Тальго»
АО «НК КТЖ» внедряет новые стандарты обслуживания пассажиров
Казахстанцы вдвое чаще стали ездить на поездах «Тұлпар-Тальго»
Запущен поезд «Жезказган-Саксаульск-Кызылорда»
«Бригадирский конверт» - экспресс доставка корреспонденции
Ветеранам ВОВ, войнам-интернационалистам и ликвидаторам Чернобыльской АЭС предоставлются бессрочные скидки
В Казахстане вырос объем пассажирских перевозок
Состоялась презентация новых вагонов "Тұлпар-Тальго" с широким кузовом
Ожидается поставка 149 вагонов «Тұлпар-Тальго» новой модификации с широким кузовом

Мемлекет басшысының Жолдауы

Казахстанское
общество
поддерживает
Послание Главы
государства.

Басқарма төрағасының блогы

АО «Пассажирские перевозки» Қилыбай Нұрдәулет Игілікұлы

Билеттерді онлайн сатып алу

Компания қызметі

Компания тарихы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта құру туралы» 1998 жылғы 14 шілдедегі №667 Қаулысына сәйкес жолаушылар тасымалы жеке еншілес мемлекеттік кәсіпорын болып бөлініп шықты.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамының қызметін құру және ұйымдастыру мәселелері туралы» 2002 жылғы 27 сәуірдегі №479 Қаулысымен «Жолаушылар тасымалы» еншілес мемлекеттік кәсіпорны ашық акционерлік қоғам болып қайта құрылды. 2002 жылдың 21 мамырында «Жолаушылар тасымалы» ашық акционерлік қоғамы мемлекеттік тіркеуден өтті.

2004 жылы сервистік қызметті қамтамасыз ететін және оны негізгі қызметтен бөліп шығаруға, жолаушылар тасымалын республикалық және жергілікті бюджеттен нысаналы субсидиялауға бағытталған қайта құрылымдау жүргізілді. Осы қайта құрылымдау бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде «Жолаушылар тасымалы» АҚ құрамында 6 акционерлік қоғам құру жөнінде бірқатар жұмыстар атқарылды.

2004 жылдың 25 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамына Ұлттық тасымалдаушы мәртебесі берілді.

Бүгінгі таңда

Бүгінгі таңда «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының қолдауымен жолаушылар тасымалының тиімділігін арттыру және сапасын жақсарту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда. Жолаушылар вагондарының паркі жаңартылып, жүрдек жолаушылар қозғалысы даму үстінде, сервистік қызмет көрсету ісіне бірқатар инновациялық жобалар енгізіліп, жолаушылар шаруашылығындағы жүйелік проблемаларды шешу бойынша жұмыстар қолға алынуда.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ еншілес компаниясы «Жолаушылар тасымалы» АҚ темір жол көлігімен жолаушыларды 110-нан астам қатынасқа тасымалдау қызметтерін жүзеге асырады. Компанияның темір жол жолаушылар тасымалы нарығындағы үлесі шамамен 90% құрайды, сондай-ақ жалпы жолаушылар көлігі қызметінің көлемі бойынша 50%-ға ие.

Келешекте

Қазақстан Республикасында көліктік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде «Жолаушылар тасымалы» АҚ өз алдына мынадай басым міндеттерді қойып отыр: әлеуметтік маңызы бар тасымалдарды мемлекеттік субсидиялаудың принциптері мен механизмін тұжырымдамалап қайта қарауды көздейтін институционалды базаны жетілдіру, сондай-ақ қолданыстағы нормативтік-құқықтық базаны саланың нысаналы үлгісінің талаптарына сәйкес келтіру; «Жолаушылар тасымалы» АҚ бірқатар еншілес компаниялары базасында «ҚТЖ-Жолаушылар тасымалы» АҚ жаңа бизнес-бірлігін құру.

Бастапқы кезеңде компания саланың нысаналы үлгісіне сәйкес жолаушыларды Ұлттық тасымалдаушы ретінде бәсекелестерімен салыстырғанда көрсетілетін қызметтердің аса жоғары тиімділігін және сапасын қамтамасыз ету шартымен нарықтағы өзінің басым қалпын сақтап қалады. Сондықтан, қазіргі уақытта және стратегиялық жоспардың күн тәртібінде: тек өзінің инвестициялық ресурстарын арттырып қана қоймай, өзге инвесторлар үшін қызығарлықтай компания болу үшін шығындарды тежеу және қысқарту, қызметінің тиімділігін арттыру жөнінде міндеттер қойып отыр.