Время в г. Астана 21:28
Прогноз в г.
Продажа билетов "Астана ЭКСПО-2017" в комплексе с ж/д билетами на супер выгодных условиях
На новый вокзал «Нұрлы жол» прибыл первый международный пассажирский поезд «Самарканд – Астана»
Национальный перевозчик трудоустроит студентов на летний период
Между Алматы и Ташкентом курсирует новый поезд "Тұлпар-Тальго"
Более 900 проводников прошли языковую подготовку
Поезд «Алматы-Мангышлак» связал ж/д сообщением более 20 станций Актюбинской и Мангыстауской областей
АО «НК КТЖ» внедряет новые стандарты обслуживания пассажиров
Казахстанцы вдвое чаще стали ездить на поездах «Тұлпар-Тальго»
Ветеранам ВОВ, войнам-интернационалистам и ликвидаторам Чернобыльской АЭС предоставлются бессрочные скидки
Вводится единая система обращений для пассажиров

Мемлекет басшысының Жолдауы

Казахстанское
общество
поддерживает
Послание Главы
государства.

Басқарма төрағасының блогы

АО «Пассажирские перевозки» Қилыбай Нұрдәулет Игілікұлы

Билеттерді онлайн сатып алу

Компания қызметі

Жолаушылар вагондары паркі
Жолаушылар вагондары паркі

ҚХР құрастырылған жолаушылар вагондары, 2006 жыл

ҚХР құрастырылған плацкартты вагон (жатын орындардың орналасу схемасы)

ҚХР құрастырылған 4 орынды купелік вагон (жатын орындардың орналасу схемасы)

ҚХР құрастырылған 2 орынды купелік (СВ) вагон (жатын орындардың орналасу схемасы)

ҚХР құрастырылған жолаушылар вагондарының техникалық параметрлері мен үлгілік қатарының сипаттамасы


№ п/пПараметрдің (сипаттамасының) атауы Параметрдің (сипаттамасының) мәні
Плацкартты вагон4 орынды купелі вагон2 орынды купелі вагон
1Құрылымдық жылдамдығы (км/сағ)120120120
2Вагонның қызмет ету мерзімі (жыл)404040
39238 МемСТ бойынша вагонның габариті1-ВМ1-ВМ1-ВМ
4Жолаушыларға арналған жатын орындар саны603618
5Жолсерікке арналған жатын орындар саны222
6Арбалы мүгедекке арналған жатын орындар саны
7Жүру қалпы мынадан аспауы тиіс2,82,82,8
8Ауа баптау жүйесінің суық шығару өнімділігі (кВт)454545
9Жылу жүйесіЭлектр-ауа
10Фекальді бактің көлемі (л)800800800
11Сумен жабдықтау жүйесінің көлемі (л)105010501050
12Электрмен жабдықтауОрталықтандырылған
13Түрлендіргіш қуаты (кВт)

2011-2012 жж. Тұлпар-Тальго құрастырған жолаушылар вагондары

СИПАТТАМА

Тальго шығаратын барлық маятникті поездарды жасау кезінде қауіпсіздікке, жылдамдыққа, жайлылыққа, энергияны үнемдеу және қоршаған ортаның ластануын азайтуға ерекше назар аударылады. Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін Қазақстанның суық континенттік климатында ұзақ (20 жылдан кем емес) пайдалануға есептелген Тальго ТНК-Ғ61 вагондары жобаланған болатын.

Тальго ТНК-Ғ61 поезының вагондары Тальго жүйесінің барлық дәстүрлі сипаттарына ие (жеңілдетілген конструкция, осьтеріндегі доңғалақтар бір-біріне тәуелсіз, ауырлық орталығы төмен, вагондар арасы тұтасып біріктірілген). Бұл сипаттамаларға әмбебап шанақты пайдалану, сондай-ақ соңғы технологиялық жетістіктер мен белгілі бір климаттық және географиялық жағдайлар, сондай-ақ Темір жолының ұсынысы ескерілген талаптарға байланысты пайда болған жаңа жасалымдар енгізіледі. Сондай-ақ, бұрылыстардан жылдамдықты азайтпай өту кезінде жолаушылардың жайлылығын қамтамасыз ететін маятникті жүйе қолданылады.

Тұлпар-Тальго құрастырған «Турист» (4 орынды купелі) класты вагон (жатын орындардың орналасу схемасы)

«Турист» жатын вагондары

Тіркесу ортасы арқылы өтетін ұзына бойғы тік жазықтықпен салыстырғанда, іші симметриялы бөлінген вагондардың аталған түрінің 2 нұсқасы бар.

Вагондардың бұл түрінде де 2-4 орынды вагондағыдай зоналар мен элементтер бар, купелері поездың жолсеріктеріне арналған учаскедей оң жағында орналасқан.

Купенің ішкі бөлігінде мынадай айырмашылықтар байқалады:

  • 5 купе бар.
  • Бірінші купеде 2 орын, қалған купелерде оқуға арналған шамы, заттар мен телефон қоятын бұйымы, 4 жатын сөресі бар бір-біріне қарама-қарсы орналасқан жазылмалы 4 креслодан бар. Бұл креслолардың отырғыштары қайырмалы емес, бірақ креслолар жатын сөреге ауыстырылатындай қайырмалы арқалығы бар. Әр купеде 2 багаж бөлігі бар: біреуі жоғарғы жағында, кіреберіс естіктің үстінде орналасқан және екіншісі төменгі жағында креслолардың астында.

Сондай-ақ, 2 орынды купе вагонындағыдай жолаушылар сыртқы шағын шкафты пайдалана алатындай етіліп, қабырға мен жатын сөрелер арасындағы кеңістікте терезе жанындағы қабырғаға киімге арналған ілгектері бар бағана орнатылған. Жатын сөренің бас жағында жоғарғы сөреге көтерілуге арналған баспалдақ орнатылған.

Тұлпар-Тальго құрастырған «Гранд-класс» (Люкс) вагоны (жатын орындардың орналасу схемасы)

«ЛЮКС КЛАСТЫ» ВАГОН

Тіркесу ортасы арқылы өтетін ұзына бойғы тік жазықтықпен салыстырғанда, іші симметриялы бөлінген вагондардың аталған түрінің 2 нұсқасы бар.

2-4 орынды купелі вагондағыдай зоналар мен элементтер бар, бірақ олардың бөлінуінде мынадай айырмашылықтар бар:

Жатын сөрелері бар 5 купе, оның әрқайсысында жеке душы бар санитарлық торап бар. Аталған купелер бір-біріне байланысты емес.

Кіреберістегі санитарлық торап алынып тасталған, ол кеңістік купені кеңейту үшін қолданылады.

Суға арналған бак купеде жолаушыларда ыстық су болу үшін су жылытқышқа ауыстырылған. Бұл вагон тәуелсіз су беру қондырғысымен жабдықталған, бактар дәліздің жоғарғы жағында аспалы төбе мен вагонның төбесі арасында орналасқан.

Әр купе мына элементтермен жабдықталған:

Жатын сөрені ашуға арналған шынтақ сүйеніші және купенің қабырғасына жиналатын қайырмалы арқалығы бар екі кресло. Қабырғада бір-бірінің үстінде орналасқан 2 жатын сөре бар. Тазалау кезінде оңай болу үшін креслолардың отырғышын арқалығына көтеріп қоюға болады. Жолаушылардың жұмыс істеуіне арналған өз аумағы болуы үшін креслолардың шынтақ сүйенішіне қайырмалы үстелше орнатылады. Үстелше багаж бөлігінде сақталады.

Жатын сөрелер киімге арналған шағын қайырмалы сөрелермен жабдықталған. Жоғарғы сөре сақтандырғыш қоршаулармен жабдықталған. Дәлізге жақын орналасқан қабырғада оқуға арналған шам және поездың персоналымен байланысу үшін телефон орнатылған.

Креслоларға қарсы, бөліп тұрған қабырғада душы бар кішкентай санитарлық торап орналасқан. Осы қабырғада, сондай-ақ, жолаушы сыртқы киімін іліп қоюға арналған киім ілгіштер орнатылған. Осы қабырғаның жоғарғы жағында багажға арналған қуыс бар. Онда жоғарғы жатын сөреге көтерілетін жиналмалы баспалдақ тұрады.

Тұлпар-Тальго құрастырған «Бизнес-класс» вагоны (жатын орындардың орналасу схемасы)

ЖАТЫН ВАГОНДАРҒА СИПАТТАМА
Бір орынды және екі орынды купелі «БИЗНЕС-КЛАСС» ВАГОНДАРЫ

Вагондардың тіркесу ортасы арқылы өтетін ұзына бойғы тік жазықтықпен салыстырғанда, ішкі жабдықталуы бойынша өзара симметриялы вагондардың аталған түрінің 2 нұсқасы бар.

Аталған вагондар мынадай зоналармен жабдықталып, мынадай элементтермен қамтамасыз етілген:

Сыртқы кіреберіс есік пен тамбурдың автоматты қозғалтқышы бар.

Тамбурдан тікелей санитарлық торапқа кіруге болады. 5 терезесі бар ұзына бойғы өтпе жол есік орналасқан жақтан басталады. Тамбурдан осы өтпе жолға қолмен ашылатын, айналып тұратын есік арқылы кіреді. Мұндай есіктер купеге кіреберісте де орнатылған. Тамбурда әр түрлі жүйелерге қажет жабдықтар мен элементтерді орналастыруға арналған шкаф орнатылған.

Аспалы төбе мен тамбурдың төбесі арасында купені ыстық сумен қамтамасыз етуге арналған су жылытқыш орнатылады.

Өтпе жолдың соңында айналып тұратын есікті іргелес вагоннан қоршап тұрған әр түрлі қондырғыларға арналған аймақ бар. Аталған учаскедегі өтпе жол жақтан біз оң жақтағы купелі вагон мен сол жақтағы купелі вагонның арасындағы айырмашылықты байқай аламыз. Оң жақтағы купелі вагон орындықтан, қайырмалы үстелшеден және телефоннан тұратын жолсерікке арналған аймақпен қамтамасыз етілген. Сол учаскеде және сол жақтағы купелі вагонда керек-жарақтарды (стақандар, салфеткалар және т.б.) қоюға арналған сөрелері бар, суық және ыстық ауыз су беруге арналған кулер орнатылады. Сол учаскедегі вагондардың екі түрінде де вагонның электрондық жабдығына және өрт сөндіргішке арналған орын бар.

Өрт сөндіргіш вагонның кіреберіс есігіне қарсы тамбурда орналасқан. Бақылау электроникасы өтпе жол учаскесінде кулердің немесе қайырмалы үстелшенің үстіңгі жағында орналасқан. Қарама-қарсы ауа баптауға арналған жабдық орнатылған.

2011-2012 жж. ТҰЛПАР-ТАЛЬГО ҚҰРАСТЫРҒАН ЖОЛАУШЫЛАР ВАГОНДАРЫНЫҢ ҮЛГІЛІК ҚАТАРЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ПАРАМЕТРЛЕРІ ЖӘНЕ СИПАТТАМАСЫ


Р/к №Параметр (сипаттама) атауыПараметрдің (сипаттама) мәні
«Турист» класының вагоны«Бизнес» класының вагоны«Гранд» (Люкс) класының вагоны
1Құрылымдық жылдамдығы (км/сағ)200200200
2Вагонның қызмет ету мерзімі (жыл)202020
39238 МемСТ бойынша вагонның габариті 
 
 
4Жолаушыларға арналған жатын орындар саны181210
5Жолсерікке арналған жатын орындар саны 
 
 
6Арбалы мүгедекке арналған жатын орындар саны
7Жүру қалпы мынадан аспауы тиіс2,32,32,3
8Ауа баптау жүйесінің суық шығару өнімділігі (кВт)12,212,212,2
9Жылу жүйесіЭлектр-ауа
10Фекальді бактің көлемі (л)400400400
11Сумен жабдықтау жүйесінің көлемі (л)Барлық құрамға 940-тан 2 резервуар
12Электрмен жабдықтауОрталықтандырылған
13Түрлендіргіш қуаты (кВт)500500500

2011-2012 жж. «Тверский вагоностроительный» зауытында (ТВЗ), «Крюковский вагоностроительный» зауытында (КВСЗ) құрастырылған жолаушылар вагондары

ТВЗ құрастырған купелі вагон (жатын орындардың орналасу схемасы)

ТВЗ құрастырған плацкартты вагон (жатын орындардың орналасу схемасы)

КВСЗ құрастырған купелі вагон (жатын орындардың орналасу схемасы)

КВСЗ құрастырған плацкартты вагон (жатын орындардың орналасу схемасы)

2011-2012 жж. ТВЗ, КВСЗ ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН ЖОЛАУШЫЛАР ВАГОНДАРЫНЫҢ ҮЛГІЛІК ҚАТАРЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ПАРАМЕТРЛЕРІ ЖӘНЕ СИПАТТАМАСЫ


Р/к №Параметр (сипаттама) атауыПараметрдің (сипаттама) мәні
Плацкартты вагон4 орынды купелі вагонупелі штаб вагоны
1Құрылымдық жылдамдығы (км/сағ)160160160
2Вагонның қызмет ету мерзімі (жыл)404040
39238 МемСТ бойынша вагонның габариті1-ВМ1-ВМ1-ВМ
4Жолаушыларға арналған жатын орындар саны543632
5Жолсерікке арналған жатын орындар саны222
6Арбалы мүгедекке арналған жатын орындар саны
7Жүру қалпы мынадан аспауы тиіс2,82,82,8
8Ауа баптау жүйесінің суық шығару өнімділігі (кВт)12х202х202х20
9Жылу жүйесіҚұрама (сумен)
10Фекальді бактің көлемі (л)600600600
11Сумен жабдықтау жүйесінің көлемі (л)160016001600
12Электрмен жабдықтауАвтономды
13Түрлендіргіш қуаты (кВт)323232

2011-2012 жж. «Тверский вагоностроительный» зауытында (ТВЗ), «Крюковский вагоностроительный» зауытында (КВСЗ) құрастырылған мүгедектерге арналған жолаушылар вагондары



Р/к №Параметрдің (сипаттама) атауыПараметрдің (сипаттама) мәні
1Құрылымдық жылдамдығы (км/сағ)160
2Вагонның қызмет ету мерзімі (жыл)40
39238 МемСТ бойынша вагонның габариті1-ВМ
4Жолаушыларға арналған жатын орындар саны32
5Жолсерікке арналған жатын орындар саны2
6Арбалы мүгедекке арналған жатын орындар саны1
7Жүру қалпы мынадан аспауы тиіс2,8
8Ауа баптау жүйесінің суық шығару өнімділігі (кВт)12х20
9Жылу жүйесіҚұрама (сумен)