Время в г. Астана 05:09
На международные поезда установлены скидки до 55%
На Международном пассажирском форуме в Астане обсуждены перспективы развития пассажирского сообщения
Проводницу Алтынай Рамбаеву наградили за спасение жизни ребенка
Состоялся запуск скоростного поезда «Астана-Уральск»
Более 900 проводников прошли языковую подготовку
Поезд «Алматы-Мангышлак» связал ж/д сообщением более 20 станций Актюбинской и Мангыстауской областей
АО «НК КТЖ» внедряет новые стандарты обслуживания пассажиров
Казахстанцы вдвое чаще стали ездить на поездах «Тұлпар-Тальго»
Состоялась презентация новых вагонов "Тұлпар-Тальго" с широким кузовом

Мемлекет басшысының Жолдауы

Казахстанское
общество
поддерживает
Послание Главы
государства.

Басқарма төрағасының блогы

АО «Пассажирские перевозки» Султанов Арман Турлыханович

Билеттерді онлайн сатып алу

Компания қызметі

2018-2019 жылдарға арналған пойыз қозғалысының жаңа кестесі 9 желтоқсаннан бастап енгізіледі

2018-2019 жылдарға арналған пойыз қозғалысының жаңа кестесі 9 желтоқсаннан бастап енгізіледі

«105» нөмірі бойынша біртұтас анықтама қызметі мен теміржол вокзалдарының анықтамалығы жолаушылар пойызы қозғалысының кестесін өзгертуге қатысты нақты ақпарат беруге дайын.

2018 жылдың 9 желтоқсанынан бастап «РТЖ» ААҚ бірлесе күнара жүретін «Қарағанды-Томск-2» бағытындағы № 363/364 пойызын жолға қою жоспарланып отыр.

«УТЙ» АҚ жасақтаған Бейнеу – Атырау – Қиғаш арқылы «Ташкент - Мәскеу» қатынасындағы №349/350 пойызы аптасына бір рет жүретін болады.

Жолаушылардың өтініштері мен тілектері ескеріліп, ҚР ИДМ келісімімен, жол жүру уақытын 4 сағатқа қысқарту және жылдамдықты арттыру есебінен «Алматы-2 - Маңғыстау» бағытында қатынайтын № 377/378 пойызын жеделдету туралы шешім қабылданды.

2019 жылдың 2 қаңтарынан «Алматы-2 - Орал» қатынасындағы № 49/50 пойыздың жүру жолы өзгереді. Пойыз (Шымкент-Қызылорда станциясының орнына) Астана – Тобыл станциясы арқылы жүреді.

Теміржолдағы жолаушылар тасымалында тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жазғы кезендегі іске қосылатын қосымша пойыздар келесі тәртіпте сақталады:

  • № 152/151 Астана – Алматы жиілігі күнара;
  • № 162/161 Алматы – Семей жиілігі күнара;
  • № 173/174 Алматы – Шымкент жиілігі күнара;
  • № 176/175 Алматы – Түркістан жиілігі күнара;
  • № 251/252 Самарқанд – Астана жиілігі аптасына бір рет;
  • № 253/254 Астана – Достық жиілігі аптасына 2 рет.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі


Дата:  30.10.2018
закрыть

Құрметті жолаушылар!

2018 жылдың 11 қыркүйегінен «Жолаушылар тасымалы» АҚ (ары қарай - Қоғам) Қазақстанның барлық ішкі бағыттарындағы бағаны реттеудің икемді жүйесі енгізілді. Бұл 52 негізгі әлеуметтік-маңызды бағыттар, өзге елдерде (Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь пойыздарын) құрылған бағыттарды қоспағанда, соның ішінде тіркемелер, сондай-ақ жеке тасымалдаушылар.

Бағаларды реттеудің икемді жүйесі динамикалық тарифтік басқару бағдарламасы бойынша енгізілген. Бұл көптеген әуе және жер үсті тасымалдаушылар жұмысында кеңінен қолданылатын әлемдік тәжірибе.

Жолаушы еліміз ішіндегі кез келген бағытқа 45 күн бұрын билеттерді 25% жеңілдікпен сатып ала алады. Жеңілдік көлемі бос орындар мен пойыздың жүруіне дейінгі қалған күндер санына байланысты. Жөнелтілу күніне жақындаған сайын баға өсе түседі, бірақ та 25% аспайды.

Жоғарыда аталған негізгі әлеуметтік-маңызды бағыттардан өзге тағы 14 коммерциялық бағыттар бойынша пойыздар жүруде, соның 9-ы «Тальго» вагондарымен жасақталған.

ҚР заңнамасына сәйкес мынадай аспектілерді: жолаушыағыны, мерекелік күндердегі жоғарғы сұраныс, басымдықты бағыттар және өзге де жайттарды ескере әрі саралай келіп, коммерциялық бағыттарға бағаны тасымалдаушы белгілейді.

Осыған байланысты, аталған бағыттардағы билетер бағасы - 35% пен + 35% дейін (жеңілдік) және базалық ставкадан жоғары. Коммерциялық бағыттарға сатылатын билеттерден түскен қаржы тікелей Қоғамның дамуына, жаңа сервистік қызметтті ендіруге, барлық вагондар паркін техникалық жарақтандыруды жақсартуға және процестерді автоматтандыруға бағытталады.

Ұлттық тасымалдаушы сапарларыңызды алдын ала жоспарлауға және пойыз билеттерін күні бұрын сатып алуға кеңес береді.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі