Время в г. Астана 04:06
На международные поезда установлены скидки до 55%
На Международном пассажирском форуме в Астане обсуждены перспективы развития пассажирского сообщения
Проводницу Алтынай Рамбаеву наградили за спасение жизни ребенка
Состоялся запуск скоростного поезда «Астана-Уральск»
Более 900 проводников прошли языковую подготовку
Поезд «Алматы-Мангышлак» связал ж/д сообщением более 20 станций Актюбинской и Мангыстауской областей
АО «НК КТЖ» внедряет новые стандарты обслуживания пассажиров
Казахстанцы вдвое чаще стали ездить на поездах «Тұлпар-Тальго»
Состоялась презентация новых вагонов "Тұлпар-Тальго" с широким кузовом

Мемлекет басшысының Жолдауы

Казахстанское
общество
поддерживает
Послание Главы
государства.

Басқарма төрағасының блогы

АО «Пассажирские перевозки» Султанов Арман Турлыханович

Билеттерді онлайн сатып алу

Компания қызметі

1 мамырдан бастап Қазақстан ардагерлеріне ТМД-ның кез келген нүктесіне тегін сапарлар ұйымдастырылады

2018 жылдың 1 мамырынан бастап 31 желтоқсанына дейін «Жеңіс» республикалық әлеуметтік және қайырымдылық жобасының аясында Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері Қазақстан бойынша және ТМД елдеріне тегін сапарлар жасай алады.

«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қоры «Жолаушылар тасымалы» АҚ-мен бірге Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теміржол көлігінің қызметтерін тегін пайдалануға мүмкіндік беретін арнайы акцияның басталғанын хабарлайды.

Акцияның шарттарына сәйкес Ұлы Отан соғысының ардагерлері Қазақстан Республикасы мен ТМД елдеріндегі «Жолаушылар тасымалы» АҚ жүзеге асыратын барлық бағыттар бойынша жол жүруге мүмкіндік алады. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне барлық санаттағы поездардың купе вагондарында, соның ішінде «Туристік» класс вагондарында және «Talgo» поездарындағы мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған купелерден орын бөлінеді.

Бұдан бөлек, «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарында Ұлы Отан соғысының қатысушыларына жол жүрі барысында тегін тамақтану қамтамасыз етіледі.

Аталмыш акция бойынша билеттер алу үшін жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы және Ұлы Отан соғысының мүгедегінің немесе қатысушысының куәлігі болуы керек.

ТМД елдеріне бару үшін тағайындалған станцияға дейін және кері қайту сапар құжаттары (билеттер) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан сауда нүктелерінде рәсімделеді.

Соңғы 3 жылдың ішінде дәстүрлі іс-шараға айналған теміржол көлігімен тегін жол жүруді 800 астам адам пайдаланған.

Анықтама:

«Жеңіс» - «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы жүзеге асыратын ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне көмек көрсетуге бағытталған республикалық әлеуметтік және қайырымдылық жоба. Ол 2015 жылы - Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына орай басталып, осымен үшінші жыл қатарынан жүріп жатыр.

Жобаның басты мақсаты – ардагерлерге тек 9 мамыр ғана емес, жыл бойы қамқорлық жасау. Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне көрсетілетін тұрақты атаулы көмек «Жеңіс» жобасы концепциясының моральдық негізгі болып табылады. Жоба аясында еріктілер рейдтері ұйымдастырылып, сондай-ақ жас ұрпақты тәрбиелеуге және тарихты сақтауға бағытталған басқа да іс-шаралар жүзеге асырылады.

Бүгінгі таңда жоба Қазақстанның 30 қаласында іске қосылған. Бұл ірі қалалар мен облыс орталықтары - Астана, Алматы, Павлодар, Шымкент және т.б., сондай-ақ шағын қалалар, мысалы, Жаңаөзен, Екібастұз, Рудный.

Барлық сұрақтар бойынша келесі телефондарға xабарласуыңызға болады: Молдабаева Айжан, 8 (7172) 24 80 15, 8 771 850 1990, a.moldabayeva@sk-trust.kz


Дата:  27.04.2018
закрыть

Құрметті жолаушылар!

2018 жылдың 11 қыркүйегінен «Жолаушылар тасымалы» АҚ (ары қарай - Қоғам) Қазақстанның барлық ішкі бағыттарындағы бағаны реттеудің икемді жүйесі енгізілді. Бұл 52 негізгі әлеуметтік-маңызды бағыттар, өзге елдерде (Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь пойыздарын) құрылған бағыттарды қоспағанда, соның ішінде тіркемелер, сондай-ақ жеке тасымалдаушылар.

Бағаларды реттеудің икемді жүйесі динамикалық тарифтік басқару бағдарламасы бойынша енгізілген. Бұл көптеген әуе және жер үсті тасымалдаушылар жұмысында кеңінен қолданылатын әлемдік тәжірибе.

Жолаушы еліміз ішіндегі кез келген бағытқа 45 күн бұрын билеттерді 25% жеңілдікпен сатып ала алады. Жеңілдік көлемі бос орындар мен пойыздың жүруіне дейінгі қалған күндер санына байланысты. Жөнелтілу күніне жақындаған сайын баға өсе түседі, бірақ та 25% аспайды.

Жоғарыда аталған негізгі әлеуметтік-маңызды бағыттардан өзге тағы 14 коммерциялық бағыттар бойынша пойыздар жүруде, соның 9-ы «Тальго» вагондарымен жасақталған.

ҚР заңнамасына сәйкес мынадай аспектілерді: жолаушыағыны, мерекелік күндердегі жоғарғы сұраныс, басымдықты бағыттар және өзге де жайттарды ескере әрі саралай келіп, коммерциялық бағыттарға бағаны тасымалдаушы белгілейді.

Осыған байланысты, аталған бағыттардағы билетер бағасы - 35% пен + 35% дейін (жеңілдік) және базалық ставкадан жоғары. Коммерциялық бағыттарға сатылатын билеттерден түскен қаржы тікелей Қоғамның дамуына, жаңа сервистік қызметтті ендіруге, барлық вагондар паркін техникалық жарақтандыруды жақсартуға және процестерді автоматтандыруға бағытталады.

Ұлттық тасымалдаушы сапарларыңызды алдын ала жоспарлауға және пойыз билеттерін күні бұрын сатып алуға кеңес береді.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі