Время в г. Астана 22:34
Прогноз в г.
На международные поезда установлены скидки до 55%
На Международном пассажирском форуме в Астане обсуждены перспективы развития пассажирского сообщения
Проводницу Алтынай Рамбаеву наградили за спасение жизни ребенка
Состоялся запуск скоростного поезда «Астана-Уральск»
Между Алматы и Ташкентом курсирует новый поезд "Тұлпар-Тальго"
Более 900 проводников прошли языковую подготовку
Поезд «Алматы-Мангышлак» связал ж/д сообщением более 20 станций Актюбинской и Мангыстауской областей
АО «НК КТЖ» внедряет новые стандарты обслуживания пассажиров
Казахстанцы вдвое чаще стали ездить на поездах «Тұлпар-Тальго»
Состоялась презентация новых вагонов "Тұлпар-Тальго" с широким кузовом

Мемлекет басшысының Жолдауы

Казахстанское
общество
поддерживает
Послание Главы
государства.

Басқарма төрағасының блогы

АО «Пассажирские перевозки» Султанов Арман Турлыханович

Билеттерді онлайн сатып алу

Компания қызметі

Павлодарға түңғыш рет «Тұлпар-Тальго» пойызы келді

2018 жылғы 2 сәуірінде Павлодар қаласының темір жол вокзалында «Алматы- Павлодар» бағыты бойынша тұңғыш рет сапарға шыққан «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойызын салтанатты түрде қарсы алды. Оған облыс әкімшілігінің, ҚТЖ ҰҚ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ өкілдері, еңбек ардагерлері және т.б. қатысты.

Аталған әлеуметтік маңызы бар бағытта қатынайтын бұрынғы ескі жылжымалы құрам енді жаңа заманауи «Тұлпар-Тальго» вагондарымен алмастырылады. Жүрдек пойыз күн сайын Павлодар станциясынан 21:11-де жолға шығып, Алматы вокзалына 23:02-де жетеді. Ал кері бағытпен Алматы-2 вокзалынан 16:12-де шыққан пойыз Павлодарға 17:20-да жетеді.

Жаңа кесте бойынша да жолаушылар пойызы бұрыннан аялдайтын бекеттердің барлығына тоқтайды. Жол жүруге кететін уақыт оның жылдамдығының артуына байланысты 3 сағатқа қысқарды.

Пойыздың жылжымалы құрамы осы Павлодар учаскесінде жасақталады және онда қызмет көрсететін 200 жолсерік жергілікті тұрғындар екенін айта кеткен жөн.

Қазіргі уақытта вагондар паркі кезең-кезеңмен жаңартылып жатыр. Соңғы бес жыл ішінде 600-ден астам «Тұлпар-Тальго» вагондары сатып алынды. Алдағы уақытта тағы 180 жаңа вагон сатып алынбақ.

Осы жылдың қаңтар айында «Астана-Риддер» бағытында қатынайтын пойыздың көне құрамы толықтай қазіргі заманғы «Тұлпар-Тальго» вагондарына алмастырылған еді. Алдағы уақытта да вагондар паркін жаңарту жұмыстары жалғаса бермек.

«Жолаушылар тасымалы» баспасөз қызметі


Дата:  02.04.2018
закрыть

№9 «АСТАНА НЖ – АЛМАТЫ-1» БАҒДАРЫНДАҒЫ ЖОЛАУШЫЛАР ПОЙЫЗЫНЫҢ ЖОЛАУШЫЛАРЫНА (ЖОЛДАН ШЫҒУ 17.06.2018 ЖЫЛ).

«Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы (ары қарай- Қоғам) мен «Мұнай сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы (ары қарай- Компания) арасында 04.10. 2017 жылы тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігіне сәйкес міндетті сақтандыру туралы келісім (ары қарай-Келісім) жасалды. Жоғарыдағы Келісімге сәйкес, Компания жолаушылар алдындағы сақтандыру оқиғасына байланысты өтемақысы төленеді.

2018 жылғы 17 маусымда №9 «Астана НЖ – Алматы-1» бағдарындағы жолаушылар пойызының 8 вагонының Сарышаған-Шу телімінің Жиделі- Бірілік қума жолында жолдан шығып кету оқиғасы орын алды. Қазіргі кезде Қоғам сақтандыру Компаниясымен тиісті ақпараттар алмасуда.

Осыған байланысты егер Сіздің денсаулығыңызға немесе мүлкіңізге залал келтірілсе, Сіз Компанияға Келісім шартта көрсетілген сақтандыру өтемақысын талап ете аласыз.

Сақтандыру өтемақысын алу үшін Сіз «Мұнай сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамынан сақтандыру өтемақысын сұрай аласыз. Компанияның филиалдары мен басқа байланыстарын ресми nsk.kz сайтынан таба аласыз.

Компания сізге мынадай құжаттар беруі тиіс:

1. Сақтандыру өтемақысы туралы Өтініш.

2. Сақтандыру жағдайының факті жүзіндегі дәйектейтін құжат, жәбірленушіге келген залал мөлшері белгіленеді

3. Тасымалдаушы құрастырған теміржол көлігіндегі оқиғаға қатысты сақтандыру актісі.

4. Уақытша жұмысқа жарамсыздығы жөніндегі денсаулық сақтау мекемесінің анықтамасы немесе жәбірленушінің мүгедектігін белгілеген арнайы мекеменің анықтамасы.

5. Жәбірленушінің қайтыс болғандығы туралы нотариалдық куәлік көшірмесі немесе залал келген жәбірленушінің құқықтық правосын дәйектейтін құжат (көшірмесі).

6. Жәбірленушінің жоғалтқан, жетіспейтін немесе (бүлінген) мүлігі –мүлігіне залал келген жағдайда.

7. Шыққан шығын мөлшерін дәйектейтін құжат, Сақтандырушы (сақтандырылған) сақтандыру ісінің басталғандығына байланысты жәбірленушіге келген залалды азайту, жою.  

Барлық Сізді қызықтыратын тиісті сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласа аласыздар:

Теміржол көлігіндегі сақтандыру жағдайы (фамилиясымен) туралы акті беру, тасымалдаушы құрастырған (ары қарай- Акт) және жол жүру құжатының көшірмесі.

Алматы қаласындағы «Кеңес беру орталығы»Абылайхан көшесі -1, Алматы-2 теміржол вокзалының ғимараты, 2 қабат Конференция залы, тел. 8 (727) 296-13-15;

Астана қаласы – Акті беруге қатысты, Балтабаева Асемгүл Жұмабайқызы, «Солтүстік» қызмет көрсету секторының бастығы тел. 8 (775) 635-77-33, 8 (7172) 94-27-28; жол жүру билеті құжатының көшірмесін алу үшін Риммер Марина Васильевна, «Солтүстік» билет сату секторының бастығы тел. 8 (701) 611-50-97, 8 (7172) 93-27-06;

Сақтандыру өтемақысы мәселесіне қатысты –8 (7272) 581800 и 2258 ұялы телефоны (қоңырау тегін), ішкі нөмірі 1340, сондай-ақ - 8 (7172) 600-235.