Время в г. Астана 11:24
Прогноз в г.
На международные поезда установлены скидки до 55%
На Международном пассажирском форуме в Астане обсуждены перспективы развития пассажирского сообщения
Проводницу Алтынай Рамбаеву наградили за спасение жизни ребенка
Состоялся запуск скоростного поезда «Астана-Уральск»
Между Алматы и Ташкентом курсирует новый поезд "Тұлпар-Тальго"
Более 900 проводников прошли языковую подготовку
Поезд «Алматы-Мангышлак» связал ж/д сообщением более 20 станций Актюбинской и Мангыстауской областей
АО «НК КТЖ» внедряет новые стандарты обслуживания пассажиров
Казахстанцы вдвое чаще стали ездить на поездах «Тұлпар-Тальго»
Состоялась презентация новых вагонов "Тұлпар-Тальго" с широким кузовом

Мемлекет басшысының Жолдауы

Казахстанское
общество
поддерживает
Послание Главы
государства.

Басқарма төрағасының блогы

АО «Пассажирские перевозки» Султанов Арман Турлыханович

Билеттерді онлайн сатып алу

Компания қызметі

Сәбидің өмірін сақтап қалған жолсерікке жоғары атақ берілді

Жолаушылар пойызының жолсерігі Алтынай Рамбаеваға 9 айлық сәбидің өмірін сақтап қалғаны үшін «Құрметті теміржолшы» атағы берілді. Бұл марапат бүгін теміржолшылардың кәсіби мерекесі - Көлік қызметкерлері күні қарсаңында Астана қаласында табыс етілді.

Естеріңізге салсақ, биылғы жылдың 3-шілдесінде «Маңғыстау-Астрахан» пойызының жолсерігі Алтынай Рамбаева сапар барысында 9 айлық Фатиманы өмірін сақтап қалған еді. Мақат станциясында жолаушылар купенің бірінде тоғыз айлық сәбидің шетінеп кеткені туралы хабарлайды. Бірақ, жолсерік саспай, сабырлық танытады. Сосын сәбиді өзінің қызмет бөлмесіне көтеріп әкеліп, алғашқы медициналық көмек көрсете бастайды. Арада 40 минут өткенде ғана қыздың кірпігі қимылдап, тіршілік белгісін танытады. Келесі Құлсары станциясынан кішкентай Фатима мен анасын дәрігерлер ауруханаға жатқызу үшін, түсіріп алып қалады.

«Қазір сәби өзін сергек сезінеді. Біздің Алтынай апайға айтар алғысымыз шексіз. Содан бері Фатимаға туған анасындай болып кетті. Атыраудан арнайы Астанаға апайды кәсіби мерекесімен және жоғары наградасыман құттықтауға арнайы келдік. Бүгін бәріміз бірге ЭКСПО көрмесіне барып, Астананың басқа да көрікті жерін араладық,» -дейді сәбидің анасы Арайлым Жәлиева ағынан жарылып. 

Алтынай Рамбаева Ташкент политехникалық институтын бітірген. Теміржолдағы еңбек өтілі 16 жылды құрайды. Екі баланың анасы.

Атап өтерлігі, пойыз бригадалары тұрақты түрде кәсіби біліктілігін арттырып отырады. Арнайы тренингтер барысында жолаушылармен қарым-қатынас жасау этикасы, сөйлеу мәдениеті, қиындық туған кезде алғашқы медициналық  көмек көрсету амалдарын да үйретеді.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі


Дата:  04.08.2017