Время в г. Астана 04:07
На международные поезда установлены скидки до 55%
На Международном пассажирском форуме в Астане обсуждены перспективы развития пассажирского сообщения
Проводницу Алтынай Рамбаеву наградили за спасение жизни ребенка
Состоялся запуск скоростного поезда «Астана-Уральск»
Более 900 проводников прошли языковую подготовку
Поезд «Алматы-Мангышлак» связал ж/д сообщением более 20 станций Актюбинской и Мангыстауской областей
АО «НК КТЖ» внедряет новые стандарты обслуживания пассажиров
Казахстанцы вдвое чаще стали ездить на поездах «Тұлпар-Тальго»
Состоялась презентация новых вагонов "Тұлпар-Тальго" с широким кузовом

Мемлекет басшысының Жолдауы

Казахстанское
общество
поддерживает
Послание Главы
государства.

Басқарма төрағасының блогы

АО «Пассажирские перевозки» Султанов Арман Турлыханович

Билеттерді онлайн сатып алу

Компания қызметі

Ұлттық жолаушылар тасымалдаушы жазғы маусымға әзірлікті аяқтады

Ұлттық жолаушылар тасымалдаушы жазғы маусымға әзірлікті аяқтады

Қазақстан темір жолындағы жолаушылар тасымалдау кешені мен магистральдық инфрақұрылымы жазғы тасымалдау маусымына әзірліктерін аяқтап қалды.

Қазіргі таңда «Жолаушылар тасымалы» АҚ 2192 вагонды құрайтын жылжымалы құрам мүккәммәл мүлік паркін әзірлеуде. Онда сенімді ауа баптағыштар орнатылады. Сумен қамту жүйелері ретке келтіріледі. Вагондарға тиісті эстетикалық әрлеу жұмыстары жасалады.

Жолаушылардың сұранысына орай, 2018 жылғы маусым - тамыз айларында Алматы-Семей, Алматы-Қостанай, Астана-Достық қосымша пойыз бағдарлары жолға шығады.

Жазғы тасымалдау маусымы кезінде пойыз бригадаларымен этика, сөйлеу мәнері, ағылшын тілін меңгеру арнайы нұсқамалық сабақтары тұрақты өткізіледі.

«Тұлпар-Тальго» жүрдек пойызына алдын- ала билет сатып алушыларға 35 пайыздық деңгейде жеңілдік қарастырылған.

Мүмкіндігі шектеулі жандардың пойызда жайлы жүріп-тұруы үшін тиісті шаралар қабылдануда. 22 бағдардағы 37 жолаушылардың жылжымалы құрамына мүмкіндігі шектеулі жандардың кедергісіз мінуіне жағдай жасалды.

Жолаушылардың қоғамдық қауіпсіздігін сақтау шаралары қолға алынған. Көліктегі құқық қорғау орындарымен бірлесіп «Қауіпсіз пойыз», «Қауіпсіз вокзал» рейдтерін жүргізіп отырады. «Жолаушылар құқығы» жобасы аясында жолаушылардың құқығы мен мүддесіне нұқсан келген жағдайда шұғыл шаралар жасау көзделеді.

Балалардың жазғы каникулы кезінде теміржолдар мен нысандары маңында жүру тәртібіне ерекше назар аударылады. Қазіргі кезде мектептерде түсіндіру жұмыстары белсенділікпен жүргізілуде.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ 107 бағдарға қызмет көрсететін болса, оның 10-ы халықаралық бағдарлар. 15 пойыз «Тұлпар-Тальго» вагондарынан жасақталған. Оның 59-ы қаламаңы бағдарына қатынайды. Компания жылма-жыл 18 миллион жолаушыларды тасымалдайды. Бұл көрсеткіш жылма-жыл артып келеді. 2018 жылы жазғы маусымда бес миллион жолаушыларды тасымалдау жоспарланып отыр.

Азаматтардың өтініштерін жедел қарау үшін теміржол көлігінде жолаушыларға 1433 нөмірі аптаның барлық күндері тәулік бойы бірыңғай контакт (қосылу) орталығы жұмыс жасайды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі


Дата:  18.05.2018
закрыть

Құрметті жолаушылар!

2018 жылдың 11 қыркүйегінен «Жолаушылар тасымалы» АҚ (ары қарай - Қоғам) Қазақстанның барлық ішкі бағыттарындағы бағаны реттеудің икемді жүйесі енгізілді. Бұл 52 негізгі әлеуметтік-маңызды бағыттар, өзге елдерде (Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь пойыздарын) құрылған бағыттарды қоспағанда, соның ішінде тіркемелер, сондай-ақ жеке тасымалдаушылар.

Бағаларды реттеудің икемді жүйесі динамикалық тарифтік басқару бағдарламасы бойынша енгізілген. Бұл көптеген әуе және жер үсті тасымалдаушылар жұмысында кеңінен қолданылатын әлемдік тәжірибе.

Жолаушы еліміз ішіндегі кез келген бағытқа 45 күн бұрын билеттерді 25% жеңілдікпен сатып ала алады. Жеңілдік көлемі бос орындар мен пойыздың жүруіне дейінгі қалған күндер санына байланысты. Жөнелтілу күніне жақындаған сайын баға өсе түседі, бірақ та 25% аспайды.

Жоғарыда аталған негізгі әлеуметтік-маңызды бағыттардан өзге тағы 14 коммерциялық бағыттар бойынша пойыздар жүруде, соның 9-ы «Тальго» вагондарымен жасақталған.

ҚР заңнамасына сәйкес мынадай аспектілерді: жолаушыағыны, мерекелік күндердегі жоғарғы сұраныс, басымдықты бағыттар және өзге де жайттарды ескере әрі саралай келіп, коммерциялық бағыттарға бағаны тасымалдаушы белгілейді.

Осыған байланысты, аталған бағыттардағы билетер бағасы - 35% пен + 35% дейін (жеңілдік) және базалық ставкадан жоғары. Коммерциялық бағыттарға сатылатын билеттерден түскен қаржы тікелей Қоғамның дамуына, жаңа сервистік қызметтті ендіруге, барлық вагондар паркін техникалық жарақтандыруды жақсартуға және процестерді автоматтандыруға бағытталады.

Ұлттық тасымалдаушы сапарларыңызды алдын ала жоспарлауға және пойыз билеттерін күні бұрын сатып алуға кеңес береді.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі