Время в г. Астана 02:12
На международные поезда установлены скидки до 55%
На Международном пассажирском форуме в Астане обсуждены перспективы развития пассажирского сообщения
Проводницу Алтынай Рамбаеву наградили за спасение жизни ребенка
Состоялся запуск скоростного поезда «Астана-Уральск»
Более 900 проводников прошли языковую подготовку
Поезд «Алматы-Мангышлак» связал ж/д сообщением более 20 станций Актюбинской и Мангыстауской областей
АО «НК КТЖ» внедряет новые стандарты обслуживания пассажиров
Казахстанцы вдвое чаще стали ездить на поездах «Тұлпар-Тальго»
Состоялась презентация новых вагонов "Тұлпар-Тальго" с широким кузовом

Мемлекет басшысының Жолдауы

Казахстанское
общество
поддерживает
Послание Главы
государства.

Басқарма төрағасының блогы

АО «Пассажирские перевозки» Султанов Арман Турлыханович

Билеттерді онлайн сатып алу

Компания қызметі

«Туған елге саяхат» жобасының 600-ден астам қатысушысы балалар туристік пойызымен Қазақстанға саяхат жасайды

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ әлеуметтік жобалар қорының «Samruk-KazynaTrust» даму қорымен бірлесіп ұйымдастырған «Туған елге саяхат» жобасына «Самрұқ-Қазына» АҚ компаниялар тобы қызметкерлерінің 12 мен 15 жас аралығындағы балалары қатысады.

Жас саяхатшылар қатарына сондай-ақ, «Мен өз аймағымда не өзгерткім келеді?»тақырыбындағы шығармашылық байқаудың жеңімпаздары да кіре алады.

Туристік пойыздың жолаушылары Астана – Байқоңыр – Түркістан – Алматы – Алакөл – Астана бағдары бойынша көрікті жерлер мен тарихи орындарды аралайды. «Туған елге саяхат» туристік пойыз жобасы үшінші жыл қатарынан шығарылып отыр. Өткен жылы оған еліміздің әр түкпірінен 500-ге жуық бала қатысты. Биыл ел ішіне саяхат жасауға 600 бала аттанады»,- дейді «ҚТЖ»ҰК»АҚ әлеуметтік жобалар қорының директоры Ербол Кеңгірбаев.

Е. Кеңгірбаев «жобаның басты мақсаты балалардың қоршаған ортаға қызығушылығын арттырып, елі ішіндегі тарихи және архитектуралық ескерткіштермен танысып, отанды сүюге тәрбиелеу, патриотизмді нығайту» екенін айтып өтті.

«Туған елге саяхат» жобасының алғашқы турына қатысушылар, 200 -ден астам балалар күні кеше балалар туристік пойызымен Қазақстанның көрнекті жерлеріне саяхат жасауға аттанып кетті.

Туристік пойыз 2014 жылы шығарылған 7 купелік вагон мен 2 вагон-мейрамханадан жасақталған. Аттанар алдында вагондар нормативтік-техникалық талапқа сәйкес тиісті техникалық дайындықтан өткен. Пойыз жаңа төсек-орын жабдықтарымен қамтылған. Балаларды дайындығы жоғары тәжірибелі деген пойыз бригадаларының қызметкерлері алып жүреді.

Балалар туристік пойызы жүріп өтетін жалпы қашықтық үш тур бағдары бойынша 5134 километрді құрайды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі



Дата:  17.07.2018
закрыть

Құрметті жолаушылар!

2018 жылдың 11 қыркүйегінен «Жолаушылар тасымалы» АҚ (ары қарай - Қоғам) Қазақстанның барлық ішкі бағыттарындағы бағаны реттеудің икемді жүйесі енгізілді. Бұл 52 негізгі әлеуметтік-маңызды бағыттар, өзге елдерде (Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь пойыздарын) құрылған бағыттарды қоспағанда, соның ішінде тіркемелер, сондай-ақ жеке тасымалдаушылар.

Бағаларды реттеудің икемді жүйесі динамикалық тарифтік басқару бағдарламасы бойынша енгізілген. Бұл көптеген әуе және жер үсті тасымалдаушылар жұмысында кеңінен қолданылатын әлемдік тәжірибе.

Жолаушы еліміз ішіндегі кез келген бағытқа 45 күн бұрын билеттерді 25% жеңілдікпен сатып ала алады. Жеңілдік көлемі бос орындар мен пойыздың жүруіне дейінгі қалған күндер санына байланысты. Жөнелтілу күніне жақындаған сайын баға өсе түседі, бірақ та 25% аспайды.

Жоғарыда аталған негізгі әлеуметтік-маңызды бағыттардан өзге тағы 14 коммерциялық бағыттар бойынша пойыздар жүруде, соның 9-ы «Тальго» вагондарымен жасақталған.

ҚР заңнамасына сәйкес мынадай аспектілерді: жолаушыағыны, мерекелік күндердегі жоғарғы сұраныс, басымдықты бағыттар және өзге де жайттарды ескере әрі саралай келіп, коммерциялық бағыттарға бағаны тасымалдаушы белгілейді.

Осыған байланысты, аталған бағыттардағы билетер бағасы - 35% пен + 35% дейін (жеңілдік) және базалық ставкадан жоғары. Коммерциялық бағыттарға сатылатын билеттерден түскен қаржы тікелей Қоғамның дамуына, жаңа сервистік қызметтті ендіруге, барлық вагондар паркін техникалық жарақтандыруды жақсартуға және процестерді автоматтандыруға бағытталады.

Ұлттық тасымалдаушы сапарларыңызды алдын ала жоспарлауға және пойыз билеттерін күні бұрын сатып алуға кеңес береді.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі