Ағымдағы жылдың басынан «Жолаушылар тасымалы» АҚ 5,5 млн. астам жолаушы тасымалданды. Өткен жылдың 4 айындағы деректермен салыстырғанда, қазіргі көрсеткіш 14,3% өсті. 2011 жылдың дәл осындай кезеңінде жөнелтілген жолаушылардың жалпы саны 4,8 млн. астам жолаушыны құрады. толығырақ »
«Жолаушылар тасымалы» АҚ президенті
Жағыпаров А.Л. құттықтау лебізі толығырақ »
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ 5 бағытта қатынайтын жолаушылар пойызына жаңадан атау берілді. Енді халықаралық бағыттағы 4 пойыз мынадай атаулармен жүретін болады: «Алматы -Үрімші» - Жібек жолы; «Астана - Санкт-Петербург» - Евразия, «Қарағанды – Мәскеу» - Сарыарқа, «Астана - Киев» – Астаналық, сонымен қатар облысаралық бағытта қатынайтын бір пойыз «Алматы - Петропавловск» - Жетісу атауына ие болды. толығырақ »
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ұлы Жеңістің 67 жылдық мерейтойына орай 2012 жылдың 1 мамырынан 31 желтоқсанына дейін Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне пойыздарда тегін жол жүру жылсайынғы акциясын өткізуде. толығырақ »
«Жолаушылар тасымалы» АҚ жылжымалы құрамның техникалық ресурсын жоғарылату және жаңарту бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде «Крюков вагонқұрастыру зауыты» (Украина) шығарған 14 плацкарттық вагонды Қазақстанға әкелді. Вагондарды «Лизингтік жолаушылар вагон компаниясы» АҚ («Жолаушылар тасымалы» АҚ еншілес компаниясы) сатып алған. толығырақ »