каз.  рус.
Астана қ. ▼ ауа райы
+8...+10 °C
облачно, дождь
GMT+6
18:25
Сайт бойынша iздестiру
 

«Жолаушылар тасымалы» АҚ темір жол билеттерін жеткізу бойынша жаңа қызмет түрін енгізеді

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ еншілес кәсіпорны «Жолаушылар тасымалы» АҚ 2010 жылдың 20 шілдесінен бастап жаңа ақылы қызмет түрін, яғни интернет арқылы рәсімделген темір жол билеттерін клиенттерге жеткізіп беру қызметін енгізді. Аталған жоба бастапқы болып табылады, сондықтан ол үнемі жетілдіріліп отыратын болады. Алғашқы кезде жол жүру билеттерін қолма-қол жеткізіп беру қызметі Астана мен Алматы қалаларында жүзеге асырылатын болады, ал кейін осы қызметтерді Қазақстан Республикасының басқа да қалаларында көрсету жоспарлануда.

Темір жол билеттерін үйге, офистерге және қонақ үйлерге қала ішінде жеткізіп беру қызметін курьер жүзеге асырады. Жаңа қызмет әзірше тек жұмыс күндері ғана көрсетілетін болады.

Билеттерді интернет арқылы рәсімдеу тәулік бойы, ал оларды жеткізу дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 11.00-ден 19.00-ге дейін жүзеге асырылады.

Тапсырыс күн сайын сағат 9.00-ден 21.00-ге дейін поезд жөнелтілгенге дейін бір тәулік бұрын қабылданады, ал билет 6 сағаттан аспайтын уақытта жеткізіледі.

Курьер билетті талап етілген жерге жеткізген кезде жолаушыға билетті квитанцияда көрсетілген сомаға қолма-қол төлем жүргізіліп, қол қойылғаннан кейін береді.

Астана және Алматы қалалары бойынша темір жол билеттерін жеткізу қызметінің құны – 600 теңге.

Жеткізу қызметінің телефондары:

Астана станциясы бойынша– (7172) 94-22-12; 94-31-46

түскі үзіліс 13.00-14.00

Алматы-2 станциясы бойынша (727) 296-11-36, түскі үзіліс 13.00-14.00

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.

Тел: (7172) 600-171, 600-198.

 

 

 

 

«Жолаушылар тасымалы» АҚ
© 2010 Барлық құқықтары қорғалған
Астана қ., Қонаев к-сі, 6 «Б» блогі
байланыс орталығы
Санақ:
836 тәулiк iшiндегілер
11719 айға
641489 жинағы