каз.  рус.
Астана қ. ▼ ауа райы
+8...+10 °C
облачно, дождь
GMT+6
18:25
Сайт бойынша iздестiру
 

«Жолаушылар тасымалы» АҚ филиалдарының және еншілес кәсіпорындарының басшылары бірінші жарты жылдықтың қорытындысын шығарды

2010 жылғы шілденің 22-23 аралығында Астанада «Жолаушылар тасымалы» АҚ (бұдан әрі-Қоғам) Басқарма төрағасының (Президентінің) міндетін атқарушы Ақболат Жағыпаровтың төрағалық етуімен кеңес өтіп, онда филиалдар мен еншілес кәсіпорындар басшыларының 2010 жылдың 6 айындағы жұмыс нәтижелері бойынша есептері тыңдалды.

Кеңеске Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, «Солтүстік», «Оңтүстік», «Батыс», «Экспресс», «Жүк тасымалы» филиалдарының директорлары, «Лизингтік жолаушылар вагон компаниясы» АҚ, «Вагонсервис» АҚ, «Қала маңындағы тасымалы» АҚ, «Вокзал сервис» АҚ еншілес кәсіпорындарының президенттері қатысты.

- 2010 жылдың бірінші жарты жылдығында компаниялар тобының өндірістік-экономикалық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалды. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президентінің алға қойған міндеттері жүзеге асырылуда, - деп мәлімдеді сөз басында А. Жағыпаров.

Қоғамның филиалдары мен еншілес кәсіпорындарының басшылары өндірістік-қаржылық нәтижелер туралы және қызметтің тиімділігі мен сервистік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша қолданылып отырған шаралар туралы баяндама жасады. Сонымен қатар, кеңесте жолаушылар шаруашылығының өзекті мәселелері және оларды шешу жолдары талқыланды.

Жиналыстың қорытындысы бойынша Қоғамның Басқарма төрағасының (Президентінің) міндетін атқарушы А. Жағыпаров филиалдар мен еншілес кәсіпорындардың жұмысын қанағаттанарлық деп танып, 2010 жылдың 2 жарты жылдығына бірқатар міндеттер қойды. Оның ішінде, жолаушылар тасымалының сапасын арттыру, сервистік қызметті және өндірістік-қаржылық көрсеткіштерді жақсарту, сонымен қатар жолаушылар айналымын ұлғайту қажеттігін атап айтты.

 

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.

тел.: (7172) 600-171, 600-198

pressa_pp@railways.kz

 

 

«Жолаушылар тасымалы» АҚ
© 2010 Барлық құқықтары қорғалған
Астана қ., Қонаев к-сі, 6 «Б» блогі
байланыс орталығы
Санақ:
837 тәулiк iшiндегілер
11720 айға
641490 жинағы