каз.  рус.
Астана қ. ▼ ауа райы
+8...+10 °C
облачно, дождь
GMT+6
18:25
Сайт бойынша iздестiру
 

«Жолаушылар тасымалы» АҚ кәсіби мерекесін атап өтті

2010 жылдың 29 шілдесінде «Жолаушылар тасымалы» АҚ –да (бұдан әрі - Қоғам) ҚР Көлік және байланыс күніне арналған салтанатты жиналыс өтті. Теміржолшыларды және сала ардагерлерін «Жолаушылар тасымалы» АҚ Басқарма төрағасының (Президентінің) міндетін атқарушы Ақболат Жағыпаров құттықтады.

- «Жолаушылар тасымалы» АҚ ұжымының және жеке өз атымнан сіздерді Көлік және байланыс саласы қызметкерлерінің төл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, барлық еңбеккерлерге және сала ардагерлеріне Қазақстан экономикасының игілігіне қосып отырған баға жетпес үлесі және қажырлы еңбегі үшін ризашылығымды білдіремін. Кәсіби мереке күні қарсаңында сіздерге шын жүректен зор денсаулық, отбасында бақыт, жеке басыңызға игілік тілеймін, - деді Ақболат Жағыпаров.

Сонымен қатар, Қоғам басшысы жалпы Компания жоспарланған өндірістік-қаржылық көрсеткіштерді орындайтынын атап өтті. Жолаушылар тасымалының қозғалыс қауіпсіздігінде ақаулықтар азайып, жолаушылар айналымының көлемі ұлғаюда. Сондай-ақ, жолаушыларға сервистік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде.

Айтулы дәстүрді жалғастыра отыра, «Жолаушылар тасымалы» АҚ басшылығы болат магистралінің үздік қызметкерлерін салалық марапаттармен, құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапаттады.

Темір жол саласын дамытуға үлес қосқаны үшін Қоғамның 243 қызметкері марапатталды, олар – жолсеріктер, билет кассирлері, жабдықтаушылар, инженерлер және т.б. Оның үшеуі ең бағалы марапат - «Құрметті теміржолшы» белгісіне лайық болды.

Қоғамның үш қызметкері «Адал еңбегі үшін» белгісіне, бес адам – «Үздік маман» төсбелгісіне ие болды.

Сонымен қатар, саланы дамытуға өз үлестерін қосқаны үшін екі қызметкер ҚР Көлік және коммуникация министрінің алғыс хатымен және құрмет грамотасымен, сегіз теміржолшы «ҚТЖ» ҰК» АҚ президентінің алғыс хатымен және құрмет грамотасымен, 28 қызметкер Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және коммуникация комитеті төрағасының грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.

 

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ
© 2010 Барлық құқықтары қорғалған
Астана қ., Қонаев к-сі, 6 «Б» блогі
байланыс орталығы
Санақ:
839 тәулiк iшiндегілер
11722 айға
641492 жинағы