Мейрамханалық вагондар мен вагон-барларда жолаушыларға қызмет көрсету құқығын жалға беру жөнінде ашық тендер өткізілетіні туралы хабарландыру
«Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы (мекенжайы: 010000 Астана қаласы, Қонаев көшесі, 6, электрондық мекенжайы: www.temirzholy.kz) «Астана-Мәскеу» бағытындағы №71/72 жолаушылар поезының мейрамханалық вагондарында (3 вагон), жолаушыларға қызмет көрсету құқығын жалға беру жөнінде ашық тендер өткізетіні туралы хабарлайды.
Тендерлік құжаттама көшірмесінің топтамасын тендерге қатысушы тендерлік құжаттамаға төлем жүргізілгені туралы құжатты бергеннен кейін, 2010 жылғы «16» қыркүйек сағат 12-00-ге дейінгі мерзімде мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Қонаев көшесі, 6-үй, «Б» блогы, 25 - қабат, №2503/3 кабинет немесе электрондық почта арқылы мына мекенжайдан: www.temirzholy.kz алуға болады.