Ағымдағы жылдың басынан «Жолаушылар тасымалы» АҚ 5,5 млн. астам жолаушы тасымалданды. Өткен жылдың 4 айындағы деректермен салыстырғанда, қазіргі көрсеткіш 14,3% өсті. 2011 жылдың дәл осындай кезеңінде жөнелтілген жолаушылардың жалпы саны 4,8 млн. астам жолаушыны құрады. толығырақ »
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ 5 бағытта қатынайтын жолаушылар пойызына жаңадан атау берілді. Енді халықаралық бағыттағы 4 пойыз мынадай атаулармен жүретін болады: «Алматы -Үрімші» - Жібек жолы; «Астана - Санкт-Петербург» - Евразия, «Қарағанды – Мәскеу» - Сарыарқа, «Астана - Киев» – Астаналық, сонымен қатар облысаралық бағытта қатынайтын бір пойыз «Алматы - Петропавловск» - Жетісу атауына ие болды.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ 5 бағытта қатынайтын жолаушылар пойызына жаңадан атау берілді. Енді халықаралық бағыттағы 4 пойыз мынадай атаулармен жүретін болады: «Алматы -Үрімші» - Жібек жолы; «Астана - Санкт-Петербург» - Евразия, «Қарағанды – Мәскеу» - Сарыарқа, «Астана - Киев» – Астаналық, сонымен қатар облысаралық бағытта қатынайтын бір пойыз «Алматы - Петропавловск» - Жетісу атауына ие болды.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылар пойыздарының Корпоротивтік стандартына сай, фирмалық пойыздар, сонымен қатар халықаралық және облысаралық бағыттағы жайлылық деңгейі жоғары жолаушылар пойыздары Қазақстанның тарихы, географиясы, мәдениеті немесе Қазақстанның салт-дәстүріне байланысты жеке атауларға ие болуы қажет.
Жайлылық деңгейі жоғары пойыздар қарапайым пойыздардан қамтамасыз етілген тоңазытқышпен, ауажелдеткіш жүйесімен, видео – кешенімен, СВЧ пештерімен, заманауй интерьерімен ерекшеленеді.
Алғаш рет 2010 жылы «Астана-Мәскеу» бағытында қатынайтын №71/72 «Қазақстан» пойызы жеке атауға ие болады. Дәл, осы жылы «Алматы-Мәскеу» халықаралық бағытында қатынайтын №7/8 тағы бір пойызға «Алатау» деген атау қойылады.
Пойыздарға берілген бұл атаулар 2012 жылдың 16 наурызынан 6 сәуірге дейін «Жолаушылар тасымалы» АҚ ұйымдастырған сайыс қорытындысының негізінде берілді. Әділқазы алқасы «ҚТЖ «ҰК» АҚ орталық аппаратында, филалдарында, еншілес ұйымдарында қызмет жасайтын 51 сайыскерден келіп түскен 217 ұсынысты қарап шықты.
Әділқазы алқасының шешімі бойынша ең үздік атау ұсынған келесі қатысушылар сайыстың жеңімпаздары болып тағайындалды:
1. Сейсембеков Қариғұл Арынұлы, «ҚТЖ «ҰК» АҚ Бұтарма иелерімен шарт жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі бөлімнің бас маманы. Жетісу;
2. Сәрсенова Шынар Ізтайқызы, «ҚТЖ «ҰК» АҚ «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының техникалық басқармасы техникалық бөлімінің бас маманы - Жібек жолы;
3. Данчева Татьяна Николаевна, «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Солтүстік» филиалының Сервистік қызмет көрсету Секторының бастығы - Евразия;
4. Қраубаев Асылбек Муталипұлы, «ҚТЖ «ҰК» АҚ «Шаруашылық басқармасы филиалының» аударма және құжаттарды түзету бөлімінің бастығы - Сарыарқа;
5. Ахметбеков Асқар Мақсұтұлы, «Жолаушылар тасымалы» АҚ Сервистік қызмет көрсету Басқармасының бас маманы - Астаналық.
Игі шараға қатысқан жеңімпаздарға құттықтау сөз жолдап, арнайы сыйлықтарды «Жолаушылар тасымалы» АҚ өндіріс жөніндегі вице-президенті Талғат Лесов табыстады.
Баспасөз хабарламасы
«Жолаушылар тасымалы» АҚ
толығырақ »
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ұлы Жеңістің 67 жылдық мерейтойына орай 2012 жылдың 1 мамырынан 31 желтоқсанына дейін Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне пойыздарда тегін жол жүру жылсайынғы акциясын өткізуде. толығырақ »
«Жолаушылар тасымалы» АҚ жылжымалы құрамның техникалық ресурсын жоғарылату және жаңарту бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде «Крюков вагонқұрастыру зауыты» (Украина) шығарған 14 плацкарттық вагонды Қазақстанға әкелді. Вагондарды «Лизингтік жолаушылар вагон компаниясы» АҚ («Жолаушылар тасымалы» АҚ еншілес компаниясы) сатып алған. толығырақ »
«Жолаушылар тасымалы» АҚ 2012 жылдың 23 сәуірінде 04 сағат 20 минутта Қияқты-Хантау аралығында «Астана-Алматы» қатынасындағы №2 жолаушылар поезының кідіруіне байланысты болған оқиға салдарынан келтірілген қолайсыздық үшін ғафу өтінеді. толығырақ »