«Жолаушылар тасымалы» АҚ облысаралық қатынаста багаж бен жүкбагажын тасымалдауға берілген жеңілдіктің (акция 2011 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшінде болды) күші жойылғанын және республикаішілік қатынаста жеңілдіктің жаңа жүйесі енгізілгенін хабарлайды.
Багаж бен жүкбагажын тасымалдаудың тиімділігін арттыру, қызметті тұтынушылардың сұранысын арттыру және олардың санын ұлғайту мақсатында «Жолаушылар тасымалы» АҚ 2012 жылғы 7 наурыздан бастап республикаішілік қатынаста багаж бен жүкбагажын тасымалдау тарифіне 22 % мөлшерінде жеңілдік енгізеді.
Жеңілдік «Жолаушылар тасымалы» АҚ құрастырған поездарға және Қазақстан Республикасының аумағы бойынша басқа темір жол әкімшіліктері құрастырған поездарға беріледі.