Ата-анасы, асыраушысы, қамқоршысы, патронатты тәрбиешісі және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балаға қамқор болып, оның құқықтары мен мүдделерін қорғайтын басқа да тұлғалар тиісті құжаттары болған жағдайда, бөлек орынсыз өзімен бірге 7 жасқа дейінгі бір баланы алып жүре алады. Бөлек орын иелену үшін қажет болса елу пайыз жеңілдікпен тиісті жол жүру құжаты (билет) алынады.
Жолаушымен бірге 7 жасқа дейінгі бір баладан көп бала сонымен қатар, 7-ден 15 жасқа дейінгі бала жол жүрсе, жол жүру құжаты (билет) елу пайыз жеңілдікпен алынады.
15 жастан асқан балаларға ересектердің жол жүру құжаты (билет) рәсімделеді.
15 жасқа дейінгі бала ерткен жолаушы кассирге және вагон жолсерігіне баланың жасын растайтын құжатты көрсетеді.
Жол жүру құжатын (билет) рәсімдеу кезінде баланың жасы сапардың басталатын күнімен белгіленеді. Баланың заңды уәкілі емес жолаушы жол жүру құжатын (билет) рәсімдеу кезінде билет кассасына, жолаушылар поезына отыру кезінде вагон жолсерігіне баланы алып жүруге құқық беретін құжатты (сенімхат) көрсетуі тиіс.