каз.  рус.
Астана қ. ▼ ауа райы
+8...+10 °C
облачно, дождь
GMT+6
18:25
Сайт бойынша iздестiру
 

Қауіпті заттарды тасымалдау

Қауіпті заттарға тасымалдау кезінде жарылып кетуі мүмкін, өрт шығарып, адамдар мен жануарларға, сондай-ақ вагондарға залал келтіретін зат, сақтау мен тасымалдауда арнайы шаралардың алдын алуын қамтамасыз ету.

Зиянда заттар түрлеріне қарай категорияларға бөлінеді:

  • жарылуға бейім сұйықтықтар;
  • қысымы жоғары және төмен газдар;
  • тез жанғыш заттар.

Тұрмыста пайдалану үшін бос газ баллондарын тасымалдауға рұқсат етіледі. Қолданылмаған немесе түбінде қалдықтары барлар қауіпті деп саналмайды.

Жүк арту кезінде қауіпті заттар техникалық жағынан тексеріліп, шарттарға сәйкес болуы керек.

Шыны ыдыстағы қауіпті заттар арнайы жәшіктер мен кәрзеңкелерге қосымша салынып, олардың арасы жоңқа немесе сабанмен толтырылуы керек.

Әрбір оралған заттың сыртқы қабатына (қақпағына, не жанына) жүк артушы заттың қауіптілігін айқындайтын қағаз жапсырады. Бірге оралған, бірақ қауіптілігі әртүрлі заттары бар орамға, категорияларына байланысты қағаздар жапсырылады. Қауіпті затты тасымалдау үшін жөнелтпе құжатта (наклоднойда) нақты атауы көрсетілуі керек.

Түрлі категориядағы қауіпті заттарды бірге орағанда, мөрқалыпты сәйкес категориялары бойынша жапсырылады.

Қауіпті заттарға жататын дәрілік заттарды тасымалдағанда белгіленген ережелер бойынша сәйкес шарттары сақталынады.

Вагонға артып- түсірілу кезінде қауіпті заттың зақымдалмағанына көз жеткізіп, зақымдалған жайт анықталғанда, тиісті шаралар қолдану орнынан алынған соң жүргізілуі керек.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ
© 2010 Барлық құқықтары қорғалған
Астана қ., Қонаев к-сі, 6 «Б» блогі
байланыс орталығы
Санақ:
700 тәулiк iшiндегілер
43515 айға
877428 жинағы