каз.  рус.
Астана қ. ▼ ауа райы
+8...+10 °C
облачно, дождь
GMT+6
18:25
Сайт бойынша iздестiру
 

Жолаушылар поездарындағы сервис

Жолаушылар поездары мен вокзалдарда жолаушыларға көрсетілетін жедел медициналық көмекті қосқандағы көрсетілетін міндетті қызмет түрлерінің тізімі

Жақын және алыс жолға қатынайтын поездардың жолаушылар вагондары салқын және қайнаған сумен, алғашқы медициналық жәрдем көрсететін арнайы қобдишалармен жабдықталуы қажет.

Жолаушылар поездында вагонның жұмыс істемейтін қазандығы жағындағы тамбурларда темекі шегуге рұқсат етіледі.

Халықаралық және облысаралық бағытта жүретін вагондардағы жолаушылардың жатын орындары төсек жабдықтарымен қамтамасыз етілуі керек. Купе және СВ вагондарындағы төсек-орын жабдығының сомасы билеттің құнына кіреді. Ал, плацкарт вагондарында бөлек сома төленеді.

Медициналық көмекке зәру жолаушыларға вокзалдарда (бекеттерде) орналасқан емдеу-медициналық ұйымдарының (пунктерінің) қызметкерлері жедел медициналық көмек көрсетеді. Емдеу-медициналық ұйымдарының (пунктерінің) жұмыс тәртібі ішкі нұсқаулықпен реттеледі.

Жолаушы жол жүру барысында өзін нашар сезінсе (ауырғанда), сондай-ақ оның одан әрі жүруі мүмкін болмаған жағдайда, жедел медициналық көмек көрсету үшін емдеу-медициналық ұйымы (пункті) бар жақын бекеттен түсіріледі.

Құжаттарды рәсімдеу және төлемді қайтару Қазақстан Республикасының темір жол көлігімен жолаушылар, жүк және ауыр жүкті тасымалдау ережесіне сәйкес жүргізіледі. 

«Жолаушылар тасымалы» АҚ поездарында көрсетілетін ақылы қызмет түрлерінің тізімдері:

Атауы

Өлшем бірлігі

Бір бірліктің бағасы

(ҚҚС есепке алғанда), теңге

Залалды өтеудi сома

(ҚҚС есепке алумен),

теңге

1

Вагондағы төсек-орын жабдығының жиынтығы

жинақ        

250


2

Қант қосылған шай ( 1 пакет – 0,2 гр.)

1 стақан

11


 

Үстел ойындарын жалға беру:

3

Шахмат

1 сағат

100

5000

4

Нарды

1 сағат

50

9000

5

Домино

1 сағат

100

900

6

Шағын-кітапхана

Кітап/тәулік

250

1700

7

Шағын тігін құралдарын сату

1 топтама

150


8

Бағалы заттарды сейфте сақтау

1 тәулік

700


«Жолаушылар тасымалы» АҚ
© 2010 Барлық құқықтары қорғалған
Астана қ., Қонаев к-сі, 6 «Б» блогі
байланыс орталығы
Санақ:
798 тәулiк iшiндегілер
11681 айға
641451 жинағы