каз.  рус.
Астана қ. ▼ ауа райы
+8...+10 °C
облачно, дождь
GMT+6
18:25
Сайт бойынша iздестiру
 

Билеттерді жеткізу қызметі

Құрметті жолаушылар!

«Жолаушылар тасымалы» АҚ сіздерге жағдай жасау мақсатында 2010 жылдың 20 шілдесінен бастап жаңа ақылы қызмет түрін, яғни интернет арқылы рәсімделген жол жүру темір жол құжаттарын (билеттерін) клиенттерге жеткізіп беру қызметін енгізді.

Теміржол жол жүру құжаттары (билеттері) клиенттің талап ететін жеріне (тұрғылықты жері, жұмыс орны немесе қонақ үй) қала ішінде дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 11.00ден 19.00-ге дейін жеткізіледі.

Тапсырыс күн сайын сағат 9.00-ден 21.00-ге дейін поезд жөнелтілгенге дейін бір тәулік бұрын қабылданады, ал билет 6 сағаттан аспайтын уақытта жеткізіледі.

Курьер билетті талап етілген жерге жеткізген кезде, жолаушыға билетті квитанцияда көрсетілген соманы қолма-қол төлегеннен кейін, қол қойдырып береді.

Жолаушы жол жүру құжатында (билетте) көрсетілген мәліметтерді жол жүру құжаты (билеті) рәсімделген жеке куәліктегі мәліметтермен салыстырады. Көрсетілген мәліметтер сәйкес келмеген жағдайда жауапкершілік толығымен жолаушыға жүктеледі.

Астана және Алматы қалалары бойынша темір жол билеттерін жеткізу қызметінің құны — 600 теңге.

Жеткізу қызметінің телефондары:

Астанада — (7172) 94-22-12; 94-31-46 түскі үзіліс 13.00-14.00

Алматыда — (727) 296-11-36; түскі үзіліс 13.00-14.00

«Жолаушылар тасымалы» АҚ
© 2010 Барлық құқықтары қорғалған
Астана қ., Қонаев к-сі, 6 «Б» блогі
байланыс орталығы
Санақ:
713 тәулiк iшiндегілер
43528 айға
877441 жинағы