Құрметті БАҚ өкілдері!
«Жолаушылар тасымалы» АҚ сіздерді Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстанды қамтитын жаңа мәдени-танымдық туристік маршруттың іске қосылуын ақпараттық тұрғыда жариялауға шақырады.

Жоба тарихында алғаш рет бағыт Тәжікстан астанасы — Душанбе қаласына дейін кеңейтілді.
2026 жылғы 20 наурыз күні Алматы-2 теміржол вокзалынан «Jibek joly» туристік пойызы жолға аттанады.
Пойыз «Алматы – Түркістан – Самарқанд – Душанбе – Ташкент – Алматы» бағыты бойынша жүріп өтеді.
БАҚ өкілдерінен 20 наурыз күні сағат 16:00-де Алматы-2 теміржол вокзалында жиналуды сұраймыз.
Туристік пойыздың жөнелу уақыты – 17:00.
Іс-шараға қатысу үшін 2026 жылғы 19 наурыз күні сағат 12:00-ге дейін аккредитациядан өтіп, жеке куәлігіңіздің көшірмесін төмендегі WhatsApp нөміріне +7-707-848-64-52 (Нұрсұлтан Ибраев) жіберулеріңізді сұраймыз.