Жолаушыларға ақпарат!
Қазақстан Республикасының «Теміржол көлігі туралы» Заңының 12-тарауы 94-бабының 2-тармағына сәйкес, «Жолаушылар тасымалы» АҚ әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдау қызметіне белгіленген шекті баға (тариф) деңгейінің өзгеретіні туралы хабарлайды.
2026 жылғы 26 наурыздан бастап тарифтерге 7% мөлшерінде жоспарлы индексация енгізіледі.
Бұл өзгеріс 2026 жылғы 1 сәуірден бастап жөнелтілетін пойыздарға қолданылады.