Жыл басынан бері Ұлттық тасымалдаушы пойыздарымен 3 млн астам жолаушы тасымалданды
«Жолаушылар тасымалы» АҚ 2026 жылдың бірінші тоқсанындағы қызметін қорытындылады. Осы кезеңде Ұлттық тасымалдаушы пойыздарын 3,2 миллионға жуық жолаушы пайдаланды.
Ең үлкен жолаушылар ағыны дәстүрлі түрде елдің үш ірі қаласында тіркелді. Мәселен, Астанаға теміржол көлігімен 503 731 жолаушы келді. Алматыға 485 757 адам, Шымкентке 194 450 жолаушы жолға шықты.
Ең көп сұранысқа ие бағыттардың қатарында Астана – Алматы, Астана – Шымкент, Алматы – Шымкент, Астана – Өскемен және Астана – Ақтөбе бағыттары бар.
Теміржол көлігіне жоғары сұраныс дәстүрлі түрде еңбек демалысы маусымында, демалыста және мереке күндері – жазғы және қысқы кезеңдерде байқалады.