Жаңалықтарға оралу

Ұлттық тасымалдаушы пойыздарымен 143 мыңнан астам ерекше қажеттілігі бар жандар сапарлады

Жыл басынан бері Қазақстанда Ұлттық тасымалдаушы пойыздарына ерекше қажеттілігі бар жандар мен оларды сүйемелдеуші тұлғаларға жалпы саны 143 мың жол жүру құжаты рәсімделді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,2%-ға жоғары.

Ерекше қажеттілігі бар жолаушыларға арналған мамандандырылған купелер «Тальго» пойыздарының 11 бағытында, стандартты пойыздардың 24 бағытында және қала маңы қатынасының 6 бағытында қолжетімді.

Жолаушылардың жайлылығы үшін арнайы вагондар көтергіш механизмдермен және кеңейтілген тамбурлық аймақтармен жабдықталған. Купелерде арбаны бекітуге арналған арнайы орындар қарастырылған, ал санитарлық бөлмелер ерекше қажеттілігі бар жандарға бейімделген.

Ерекше қажеттіліктері бар жандар мен оларды сүйемелдеуші жолаушылар үшін әлеуметтік маңызы бар бағыттарда және «Тальго» коммерциялық пойыздарының арнайы купелерінде жол жүру билеттеріне 50% жеңілдік қарастырылған.

Одан бөлек, жолаушылар жол жүру құжатын рәсімдеу кезінде вокзалдағы сервистік көмекке алдын ала тапсырыс бере алады. Вокзал қызметкерлері жолаушыларды қарсы алу, пойызға дейін шығарып салу, сондай-ақ, вагонға отырғызу және түсіру кезінде тиісті көмек көрсетеді. Қазіргі уақытта аталған қызмет түрі 57 вокзалда бар. Сүйемелдеу қызметіне bilet.railways.kz сайты арқылы онлайн тапсырыс беруге болады. Ол үшін билет сатып алу кезінде «Мүгедектігі бар жолаушы» батырмасын таңдап, ЖСН мен анықтама нөмірін енгізу қажет. Сондай-ақ, көрсетілетін көмек түрін (вокзал қызметкерінің сүйемелдеуі немесе арба ұсыну) белгілеу қажет. Таңдалған вокзалда қызмет көрсету мүмкіндігі уақытша болмаған жағдайда, аталған функция жол жүру құжатын рәсімдеу барысында ұсынылмайды. Алдын ала жолданған өтінім қызметкерлерге жолаушыны қабылдауға және сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.

Қосымша ақпаратты 1433 тегін нөмірі арқылы немесе «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның ресми Instagram парақшасынан (@jolaushylar_tasymaly) алуға бола